spot_img
More

    Түркиядағы көмір шахтасында болған апаттан қаза тапқандар саны 40-қа жетті

    Түркияның Бартин провинциясының Амасра ауданындағы көмір шахтасында болған апаттан қаза тапқандар саны 40-қа жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолыға сілтеме жасап.

    Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу апатқа қатысты соңғы мәліметтермен бөлісті. Шахтадағы апат кезінде болған 110 адамның 58-і құтқарылды. Бір кеншінің тағдыры белгісіз.
    Жұма күні сағат 18.15-те Амасра аймағындағы шахталардың бірінде жарылыс болды. Жараланғандарға жедел медициналық жәрдем көрсету үшін санитарлық авиация жұмылдырылды.
    Бартин провинциясының прокуратурасы шахтадағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғады.
    Фото: aa.com.tr

    Тақырып бойынша мақала

    spot_img

    Соңғы мақала

    ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

    Пікіріңізді енгізіңіз!
    мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз