-0.8 C
Kokshetau
Понедельник, 4 ноября, 2024
-0.8 C
Kokshetau
ПікірСу тасқыны – адамдардың табиғи ырғақтылықты бұзуының салдары

Су тасқыны – адамдардың табиғи ырғақтылықты бұзуының салдары

Бөлісу

Сондай-ақ, оқыңыз...

Осыдан 120 жылдай бұрын қазақтың көрнекті қоғам қайраткері Мәмбетәлі Сердалин Ресейдің «ғылыми экономикалық қоғамында»  Батыс Сібір далаларын мал шаруашылығын дамыту арқылы игеру» деген тақырыпта әйгілі баяндама жасап, онда Қазақ даласында ресейліктердің шаруашылық жүргізуі табиғаттың барлық заңдарын бұзу арқылы жүргізіліп, олардың егістіктері су жолдарын бұзып жатқандығын, табиғи ландшафтар қиратылып, қуаңшылық пен басы артық сай-жыралар пайда болғандығын жария қылған еді.

Жердің тозуы күшейіп, ғасырлар бойғы  «Су режимі» бұзылып жатыр деп дабыл қаққан болатын. Баяндама үлкен пікір тудырып, Сенатта тыңдалды. Отаршылдық заманда бірақ мәселе одан әрі аспады. Себебі, осы жерді ғасырлар бойы мекендеп келген қазақ халқының емес,  қоныстанушы қарашекпенділердің мүддесіне басымдық берілді. Ақан сері айтқандай: «Қалдық қой, шетке шығып, брак болып…».

Арқаны мекендеп келген ата-бабаларымыздың малы мен жаны дәл осылай еш заманда суға кетпеген, біздің кейбір адамдар айтып жүргендей, бұл Құдайдың ісі емес, адам баласының тағылық әрекеттерінің нәтижесі.  Осыдан 150 жыл бұрын өмір сүрген бабаларымыз тіріліп келсе, біріншіден жерді танымай адасып, екіншіден, мына біздің тірлігіміз ден жүрегі жарылып, қайта өлер еді. Қазақтың қыстау ауылдары барлығы биік жерлерге салынған. Ешқашан, су жайылатын ойпаң жерлерге жазда да қонбаған.

Айтпақшы, 1920-шы жылдары.отырықшылыққа көшкен қазақ ауылдарын біздің шалдар барлығын дерлік сондай жерлерге орналастырған еді. «Вакнахалия» тың көтергенде басталды, партия шешіп, советтер қолдап су табаны сазға да, көлдің дәл жағасына да, қала мен кенттерді тұрғызып тастады. Ал қазақ ауылдары жабылды, құртылды.

Ескі архивтерде: Қарағайлы, Қайыңды, Үш Қызыл, Шұбарағаш, Шұбар деген жер-су атаулары көп кездеседі. Қазір сол жерлерде қайың да, қарағай да жоқ. Су ұстайтын, топырақты бекітетін орман-тоғай жойылып кеткен. Сондықтан дамбы мен бөгеттердің ешқайсысын қайта салудың қажеті жоқ. Канада, АҚШ-та ол практика баяғыда тоқтатылған. Ата-бабаларымыз сияқты мейлінше, табиғатпен ырғақтылықта өмір сүрейік. Өркениеттілік деген сол.

Маралдыдағы алтын өндірем деп, халықты әуреге салып қойған, қолдан табиғи апат, жоқ жерден әлеуметтік шиеленіс тудырып жатқан кәсіпкер, мемлекеттік қызметкерлер қатаң жауапқа тартылуы керек. Ол ерекше қорғалатын табиғи-шаруашылықты жер деген мәртебе алуы керек. Барлық шаруашылық-экономикалық саясат – Қазақ Ұлтының мүддесіне байлануы керек қой. Тәуелсіздік заманда қазақ өз қалауынша неге өмір сүре алмайды?

Ғалымтай Төлепберген, тарихшы-ғалым, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.

Барлық материалдар ESILNEWS.KZ желілік басылымының және «ESIL-MEDIA» ЖК, сондай - ақ, оның лицензиарларының меншігі. Сайт материалдарын коммерциялық мақсатта толық немесе ішінара көшіруге тек сайт иесінің жазбаша рұқсатымен ғана рұқсат етіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы мақала

Өзге де жаңалықтар