Ақмола облыстық әділет департаментінің қызметкерлері ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінің студенттері және оқытушылар қауымымен кездесті. Кездесуге сондай-ақ, Ақмола облысы Заң консультанттар палатасының және облыстық «AMANAT» партиясы филиалы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағалары мен Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттары да қатысты.
Кездесу барысында Президент Жолдауының негізгі бағыттары, еліміздің болашақ даму бағдары туралы айтылып, ой-пікірлер ортаға салынды. Еліміздің ертеңгі тізгінін ұстайтын жастар қазіргі саяси өзгерістерден тыс қалмай, өз белсенділіктерін танытуы қажеттігі айтылды, Шара соңында баспана, білім беру саласына қатысты және басқа да көкейкесті мәселелер жөніндегі студенттер сұрақтар қойып, нақты жауап алды.
Ақмола облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі.