spot_imgspot_img

Солтүстік Қазақстан облысындағы былық: әкімі қайда, білім басқармасы қайда?..

Date:

Соңғы жарты жылда жекеме мыңдаған хат келеді. Соның бірі  Мағжан Жұмабаев ауданына Раушан Нұрғалиева есімді зейнеткер ұстаз жиі жазады, тіпті жеке телефоныма шығып, жылап тұрып хабарласты.  Тіпті сөзін тыңдайтын ешкім жоқ, барлық басшылардың үніне құлақ аспайтындығын айтып, жылағанда, қайда барарымды білмедім.   Өзіміздің елімізде жүріп, қызы мектеп басшысынан таяқ жеп, тіпті қызметтік лауазымын асыра пайдаланып, алға қойған СҚО, М. Жұмабев ауданы,  Конюхов  орта мектебінің директоры, Раушан апайымыздың қызы,   Гулия Адилованы  отырса опақ, тұрса сопақ қылып, аяқтан шалып, балаларға сабақ беруіне кедерге келтіріп, тіпті барлық ұжымды жұдырықтай қызға қарсы қойып, үстінен арыз жазып, қорлап келе жатыр. Тексерістен көз ашпаған осы мектепте жалғыз мұғалім ол Гулия Адилова екен.

Атақты жазушы Мағжан ақынның атымен аталатын  ауданның білім бөлімінің басшыларына талай рет арызданған зейнеткер ұстаз Раушан Нурғалиева апамыздың сөзіне құлақ түрген ешкім жоқ екен, тіпті елемейтінде көрінеді.  Қайта, мектеп басшысы И. А.Старицина,   Г. Адиловаға шабуылды үдетіп жатыр екен. Алдымен облысы басшысына айтарымыз теріскейге барған оңтүстен келген ағайынды ауызынан ақ май ағызып жарылқаймыз деп, жарнамаңыз жер жарып, дымдарыңыз қалмай жатыр.  Бұл әрі -беріден соң Президент тапсырмасы. Оңтүстіктен келген ағайынды жарылқамай тұрып, алдымен жергілікті халықты, оның ішінде алты алаштың баласы бас қосқанда қадірлі орын төрі болған, ұстаздың құқығын қорғау керек қой. Раушан Нурғалиева (құжатында осылай жазылған) зейнеткер ұстаз, ағартушылық саласында үлкен дәрежеге жетіп. Талай шәкіртті тәрбиелеген ұстаздың сонау СССР уақытында көрмеген  көрешегін, тәуелсіз ел, жеке мемлекет болғанда қызы көріп отыр.

Алдымен, жер-су мәселесі, құрметті әкім мырза, һәм Солтүстік Қазақстан облысына келетін болсақ. Сіз қазақтың тілін түсінетін, парасат пайымы бар, жөн-жосықты білетін, ақ пен қараны айыратын азамат деп ел мақтайды.  Бірақ, өңіріңізде не болып жатқаның білмейсіздер, ел алдында тамаша ақпарат беріп V жұмыс істеп жатырсыздар ма?

Қатты айтты деп ренжімеңіз. Қазақтың қара басының қадірі болмай, елінде отырып, әркімнен көзтүрткі болып таяқ жеп жатса, қызметінен қудалап жатса, тілсіз, үнсіз отыра беруіңіз әрі-беріден соң, мүлдем азаматтыққа жатпайды деп ойлаймын. Өйткені, осы облыстағы №1 адам сізсіз! Ақыл үйретуден аулақпын! Бірақ, әр қазақ менің жалғызым деп аты мен заты, іші мен тысы ресми тілде тұрған мектеп басшысы Ирина Старицина, Гулия Адилованың ұлты қазақ болған соң, бәлкім өзінің бойындағы ескі дағдымен қызметінен қудалауы да мүмкін ғой.Өйткені,  Конюхов ауылы   тәуелсіздік алғанымызға, отыз бір жыл толсада, осы күнге дейін өзінің тарихи атауына ие бола алмай келе жатқандығы, осының бір айғағы шығар деп ойлап отырмыз. Шырылдаған Раушан апайымыздың үні 250 шақырым жерде жатқан маған жеткенде, Сізге жетпегені Айдарбек Сейпілұлы Сапаров мырза қызық екен!?

Мұң шағымын фейсбук парақшасына талай жазды.

Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы, облыстық әкімдікте жағаларына кір, төбелерінен күн түспей жайлы кабинет, жақсы өмір сүріп жатқан мырзалар мен ханымдар, прокуратура өкілдері т.б  билік пен бұқараның арасында дәнекер болатын (болмайды-ау бірақ) ақжағалылар шүйкедей кейуананың мұң арызын тыңдамай, оқымай қалай отырсыздар? Шыдам, дәттеріңіз мықты екен!?

Президент Қ.К.Тоқаев «Халық пен билік санасу керек,ортақ диалогта болуы керек, Әділетті Қазақстан орнатамыз»,-деді. Сіздерге әлде екі қойым, бір сом, мейілі ме?

Тіпті маған келген құжаттарға қарап отырсақ былай депті ресми тілде  жазылған екен қал-қадірімше аударайын, ұзақ емес-қысқа ғана  «2020  Г. Адиловаға ағылшын пәні сыныбына берілген мультимедиалық тақтаны, мектеп директоры алып қойып, өзіне қысым жасағандықтан, мектеп басшысын сотқа берген болатын. Сот арызданушы тараптыкы дұрыс деп шешім шығарған». М.Жұмабаев аудандық сотының шығарған шешімімен танысыңыздар (соттың шешім).

Р. Нургалиева апайымыз  әлеуметтік парақшалар арқылы үндеу тастап, қызының  атақ, абыройына кір келтіріп, жала жауып жатқан басшылар жайлы,  жазып айтқан соң, мультимедиялық тақтаны қайтарып берген, бірақ іске жарамсыз.  Бұл бұл ма, қулығына құрық бойламайтын, алаштың ардақты ақыны Мағжан Жұмабаевтың атымен аталатын ауданның білім бөлімі, кәсіподақ ұйымымен бірлесіп, ағылшын тілі пәнінің ұстазы Гулия Адиловаға тексерістен-тексеріс жасап, құқығын одан сайын таптап, жүйкесін жұқартқан. Тіпті жазғы еңбек демалысын бермей, түрлі сылтаумен заңды белден басқандығы сұмдық!..

Ал «адал деген қазаннан шошқаның басы шықты» демекші, осы ауданның білім бөлімінің басшысы жемқорлық фактысымен ұсталып, қазіргі таңда жазасын өтеп жатыр екен.  Ардың бағасын ақшамен өлшеген, білім бөлімінің басшысының сиқы осы болса, онда сөз жоқ! Менің ойымша, бұл аудандағы ағартушылық саласын басқарып отырған басшыдан бастап, Конюхов ауылы мектебінің директорына дейінгі аралықта үзілмей тұрған күретамыр бар. Баяғы жемқорлық фактысымен істі болған эксбасшының «мақұлдаушылары» әлі қызметте отырып алып, қоластындағыларға күн бермеуде.

Раушан Нургалиева апамыз жасы жеткен қарт адам. Қызы үшін шырылдап қайда барарын білмей дал болып отыр.  Ирина Александровна болса, соттан жеңіліп қалса дағы мыңқ етпей, қудалауды одан сайын үдетіп Гулия Адиловаға тақымын мықтап батырып қыларыңызды қылып ал дегендей, рақаттанып жүр.   Бұл не баяғы үстем ұлтпыз деп, момын қазаққа дізе батырып, тұқыртып, ескі әдетке салу ма, бұл жағын түсінбедік. Көзі қарақты ағайын, бұның бағасын, көңіл талқысына салып, өздеріңіз айтарсыздар.

Мұғалім болашақты тәрбиелейтін, бағыт беретін, білім беретін, жас ұрпақты қалыптастыратын нұсқаушы. Ал, нұсқаушыны лауазымдық қызметін пайдаланып, оны оқушылардың алдында, әріптестерінің алдында масқарасын шығарып қудалау қаншалықты заңды!? Білім министіріне бұл датымыз, үніміз жетуі мүмкін, жетпеуі де мүмкін. Жеткен күнде қандай шара қолданады? Бұл жағы белгісіз!

«Бұл заманда ілтипат көрсетіп, тізе бүгіп сәлем берерлік кісі де жоқ»,-депті жарықтық Қадыр аға  Мырза Әлі.  Мінезі мен арына  дақ түсірмей қызын арашалап, ағайыннан, дүйім қазақ елінен көмек сұраған Раушан Нургалиева әжеміздің  арыз -шағым былай тастамаймыз. Қалайда зерттеп, қашан ақиқатқа қолы жеткенше, Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасына, Қазақстан Республикасының Білім Министіріне үні жеткенше  қолдан келер көмегімізді аяп қалмаймыз.

Ирина Старицинаға еліміздің заңы жүрмейтіндей құдайдың кенже қызы ма екен деп ойлап отырмыз. Ал ағайын шынашақтай болып шырылдаған Раушан Нургалиева әжеміздің жанайқайын сіздерге жеткізіп отырмын. Білікті заңгерлер, Парламенттегі депутаттар мына сұмдықтың ақ-қарасын айырып шешіп берсеңіздер. Шынымен Әділетті Қазақстан құрсаңыздар!