spot_img
spot_img
12.2 C
Kokshetau

Щучинск қаласының әкімі Аяз атаны күтіп жүр ме?

Щучинск қаласындағы Жаңа жыл алдында ашылған «Мұз қалашығында» соңғы жарты айдан бері, маңайында ешкім жоқ босқа тұр. Қаланың сұрқын алып болды. Тез көктем туса екен. Қар ерісе қалашық су болып еріп кететін еді. Бірақ суға кеткен қайран ақша-ай!

Қыбырлаған адамы жоқ шырша алаңына қанша қаражат кеткендігін қалашықтың ашылу салтанатында қала әкімі Асхат Мұхамеджанов айтқан болатын-ды «Тендерді ұтып алушылар кінәлі, мен болғанда мұндай қалашық болмайтын еді!-деген. Жарайды. Халықтың бұл шыршаға қанша қаражат кеткендігінде шаруасы жоқ. 10 млн кетті ме әлде 9,5 млн кетті ме? Ол енді бұл «тиісті жауапты адамдардың» құзыретінде. Ал бірақ өз ісіне салғыртықпен қараған тендер ұтқыштар ақшаны кейін қайтарды ма? Ол жағынан @@mukhamejanov_askhat ресми жауап берген жоқ.

Қаланың көшелерін қар басып кетті. Бұған әрине қала әкімі кінәлі емес шығар? Құдайдың ісі. Табиғаттың тосын мінезі. Қаланың ішіндегі қарды неге тысқа шығармайды?дейді жұрт. Бірақ қала әкімі «жауап беруге»асығар емес. Шығарылады деп айта салса тым құрмаса!?

Жекеменшік көлігін мініп алып Асекең «қаланы аралап, ертең- бүгін… сосын қаланы «гүл қылам» деген қиялға сыймайтын әңгіме аясында персонаж жасап, видео түсіріп әлек.

Қысқасы биылғы көктемде Капай ықшамауданы еріген су астында қалмаса жарайды ғой. Өйткені биыл Щучинск қаласының ішінен тысқа бір күрек те қар шықпады.

Асхат Нұрланұлы әзірге қаланың географиялық картасымен танысып жүргенде көктемде келіп қалды. Ар жағында Әз Наурыз. Ойхой көктем..!

Ал «Мұз қалашығы» әлі тұр. Не ерімейді, не алынбайды.
Сірә биылғы Жаңа жыл ұзағынан болайын деп тұр ғой деймін. Әлде Асхат мырза қалашықтың авторы өзі болмаса да қимай отыр ма???

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

spot_img