More

    Сазы сәнді, әуені сырлы, тілі шұрайлы әсерлі кеш өтті

    Сондай-ақ...оқыңыз

    Дахан Жәмшин
    Дахан Жәмшин
    Дахан Шөкширұлы Жәмші. Монғолияның Баян- Өлгий аймағының Толбо ауылында дүниеге келген. Білімім жоғары. Монғолия Мемлекеттік университетінің саулет және құрылыс факултетінің құрылыс инженері, МХРП –ның Ұланбатыр филалының Марксизим – Ленинизим кешкі университетін саясаттанушы – журналист мамандығы бойынша бітірген. 1978-1992 жылға дейін Монғолияның Ауыл шаруашылық, Қазына шаруашылығы министрлігінде бас маман, дербес бөлім басшысы, Монғолияның ауыл шаруашылық министрлгі жанындағы төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия, Монғолия Бірлестікшілер Одағының Жоғарғы кеңесінде жауапты хатшы сияқты жауапты қызметтер атқарған. Монғолияда қалалық, аудандық, ауылдық мәслихат депутатына сайланған. 1992 жылы Ата жұрты Көкшетау облысы Ленинград ауданына қоныс аударды. 1992 – 1996 жылы аталған ауданда жеке кәсіпкер. Көкшетауға 1997 жылы көшіп келіп Отанына оалушыларды қолдаушы Солтүстік Өлкелік "Аңсап "жеке қорын құрып шеттен келген ағайындарға қолдау көрсетуде. 1996- 2011 жылы аралығында «Қазақ елі», «Жас Алаш», «Дала» журналы 2011 жылдан Халықаралық «Qazaqstan-dauiri» / бұрынғы «Қазақстан-Zaman»/ газетінің Ақмола облысындағы тілшісі «Ұлт», «Ел АнА» порталында қызмет атқарып келеді. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Дүние Жүзі Қазақтарының II және IY құрылтайы, алғашқы Республикалық кәсіпкерлер форуымына қатысқан. Монғолия мемлекеті тәуелсіздігінің 70, 90, Монғолия бірлестікшілер одағының 20, 30 жылдық мерекелік медалы және «Құрметті бірлестікшісі», Ауыл шаруашылық министірлігінің «Озат қызметкері» «Құрметті тың игеруші» атағымен сыйланған. «Қазақстан Республикасының 10 және 30 жылдығы мерекелік медаль», «Ақпарат саласының үздік қызметкері» атағы және Ақмола облысы әкімі, «Нұр Отан» партиясы, Көкшетау қаласы әкімінің силықтарымен бірнеше мәрте силанған. 2013 – 2016 жылдардағы облыстық «Алтын қалам» байқауының 3 дүркін, республикалық «Ғажайып Бурабай» атты байқаудың 2018 жылғы жеңімпазы.

    Қазақ елі тәуелсіздік алысымен Моғолиядан асыға жеткен алғашқы ұлы көшкеде биыл аттай 32 жыл толды. Ұлы көш пен тәуелсіздік түйдей құрдас деңіз. Сол көштің алғашқы легінде Көкшетау қаласына бір топ зиялы қауым Монғолиядан келіп қоныстанғанды. Сол көштің бір мүшесі Республикаға белгілі сазгер « Тәуелсіз- Отаным, Атамекенім»-деп жырлаған  Құрмет Сахайұлы болатын.

    Сол Құрмет қырықтың қырқасына шығар  шағында ұлы көштің басты легінде Ата жұртына табан тіреп, өр Көкшенің бауырына келіп қоныстанғанына биыл аттай 30 жыл болыпты. Сол Құрмет қылшылдаған қырық, екіленген  елу, аяң мен шабыс араласқан  алпыс асып, желе жүріп жетпіске толыпты.

    Осы мерей тойға орай  Ақмола облыстық Мәдениет басқармасының қолдауымен «Ыбырай Алтынсарин» , «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері Құрмет Сақайдың  «Жасай бер, жаса, сүйікті ел!» шығармашылық кеші Көкшетау қаласындағы «Үкілі Ыбырай» атындағы Ақмола облыстық филорманияда өтті.

    Кеш барысында композитордың «Көкше сұлуы», «Асқақтай бер, қазақ елі», «О, туған жер ардағым!», «Жасай бер, жаса, сүйікті ел!» және тағы басқа да көпшілікке танымал әндерін филармония әншілері «Мәдениет қайраткері» Г. Ахметова, Ж. Есов, «Мәдениет саласының үздігі» В. Болиева, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары С. Бекмолдин, А. Қалмағанбет ова, Абзал Ес, А. Дәулетхандар орындап  көпшілік алғысына бөленді.

    Ән кешті  «Құрмет» орденінің иегері Тұрлыхожа Базаров пен Руслан Қойшыбаевтың жетекшілік етуімен К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі   сүйемелдеп өткізді. Бұл кеш ана тілдің шұрайлылығы, сөзінің мәні, сазының құлаққа жағымды әсем әуенділігімен көпшілік көкейінде қалды.  Кеш соңында мерей той иесіне Көкшетаулық жерлестері, достары, шәкірттері және Астанадан келген меймандар шапан жауып, шығармашылық табыс, ұзақ ғұмыр тіледі.

    Құрмет Сақайдың өмірі, шығармашылығы жайлы қысқаша баяндап өтсек.

    Ұлы хакім Абай «Әнніңде естісі бар, есері ба» деген. Соңғы жылдары ұяалмаған әнші, нота білген сазгер, әу деген ақын, мен  деген жазушылар көбейді. Бұл еліміз, яғни қазақ тәуелсіздік алып, бұғауда жүрген қазақтың ой өрісі ашылып, тынысы кеңіді, бұл жақсы нышан. Қазақтың ой өрісі өсе  берсін, бірақ жағымды жағынан.  Құрмет «әннің есеріне жоламаған, қазақтың бай тілін шұбарламаған, ұлық тілдің ұлылығын, ұлықтаған мән мағынасын бұзбай әрлеп, сұлу сазбен сәндеп жүрген сазгер. Аспанмен таласқан Алтай тауының сап ауасын жұтып, қазақтың бай тәрбиесін бойына сіңірген, жаныда қаныда,тіліде таза сазгер. Ол ата жұртына тәуелсіздіктің арқасында қоныс аударып, тәуелсіз отанының жырын жырлап, әніне жан, өлеңіне саз салып жүрген сазгер.

    Құрметті білмейтін Республикада бар шығар, ал Көкшетау өңірі, әсіресе Ақмола аумағында оның әнін сүйіп айтпайтын, білмейтіндер болуы мүмкін емес.  Құрмет тума талант еңбекқорлығымен шыңдалған сазгер. Ол талмай ізденіп, ұстаған жолы танбаған, қажыр қайраты, сабыр шыдамның арқасында биктерді бағындырды.

    Бұл мақтау Құрметке емес, бойына дарын, ойына нәр берген, үлгілі тәрбиелі ананың бойына жаратқан «Аллаһқа» тиесілі. Ал, сол дарыныңды шыңдауға, жетілдіруге мүмкіндік әкелген тағыда айтам, «Аллаһтың» рахым нұрымен келген «Тәуелсіздік», яғни «Қазақ елінің дербестігі». Ол  қаршадайыңнан ауылда, өсті. Қазақы тәрбие көріп, ертегі тыңдап, қазақтың қара өлеңімен сусындады. Күмбірлеген күйге құлақ құрышын қандырып,  домбыра  тартып, өнерге құштарлығы ерте ояанды. Оған әкесі Сақайдың он саусағы жорғалаған күйшілігі әсер еткені даусыз. Ақ көңіл, бала сияқты ақ жарқын кішпейіл мінезің анаңның ақ сүтімен келді. Ашуланғаның бес минутке, ренжігені он минутқа жетпейді. Сол Құрмет еліне еленіп, халқына сыйлы болып жетпістің желкесіне қоныпты. Сол азба, көппе осы уақытта  Құрметтің атқарған игі ісін қағазда баяндайын.

    Құрмет Монғолияның Бай-өлке аймағында дүниеге келген. Әкесі Сахай Монғолияның ішкі істер органында басшы болған, полковник шенін алған адам. Өнерлі күйші болыпты. Анасы Базархан ұзақ жыл бала тәрбиелеген ұстаз. Керейлер Абылайханнан төре сұрағанда Әбілпейіздің ұлы Көгедайды жібереді.  Көгедай төреге серік, ақылшысы, дін таратушы болып Есілдің жағасын мекен еткен Сарғалдақ қожаның ұлы Жәмші бірге барған. Жәмшіні артынан іздеп барған інісі Қозбағарда керей елінде  тұрақтап қалады.

    Анасы Базархан Қалтабайқызы, сол Қозбағар қожаның ұрпағы. Жәмшімен Қозбағар Айғаным ханшамен бір туысады. Сарғалдақ қожамен Мұхтар Әуезовтың бабасы Бердіқожа ағалы, інілі адамдар. Сарғалдақ қожа Бұхарда оқыған өте сауатты адам болыпты. Абылайханға кеңесші, соңынан Ергенекті уақтың старшыны болған. Сарғалдақтың Зура деген, апайын Абылайхан алса, қызы Айғанымды оның ұлы Уәлихан алғаны белгілі. Құрмет шындығына келсе атажұрты мен қатар, ет жақыны нағашы жұртында жүрдесе болады…

    Құрмет 1969-1973 жылдары Ұланбатырдағы мұғалімдер мектебінің музыка бөлімін үздік бітіріп, жоғары білім алуға құлшынады. Осы құлшынысының жетегінде  Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оркестр факултетіне түсіп, оны 1979 жылы ойдағыдай бітіреді. Ол 1979 -81 жылдары Ұланбатырдағы мұғалімдер мектебінде ұстаз, 1981-1990 жылдары Бай-өлке аймағының қазақ музыкалық-драма театрында хор жетекшісі болады. 1993 жылы ата жұртына көшкенге дейін, Бай-өлкедегі педагогика коллежінде ұстаздық етеді. Құрмет еңбек еткен жылдары сазгерлігімен Монғол еліне танымал тұлға болып өсті.  Монғолия композиторлор одағы және Өнер қызметкерлері одағының мүшесі болды.

    Туған елінде Монғол тілінде  жазған романс, хорлары, әндері қәзірде сахна төрінен түскен жоқ. Құрмет техникумда оқып жүргенде үздік оқығаны үшін Монғолияның революцияшыл жастар одағының құрылуының 50 жылдығына орай «Құрмет» медалімен силанады. Сазгерлік еңбегінің жемісіне сай 1989 жылы «Озат интелегент», 1993 жылы «Монғолия білім беру ісінің озат қызметкері» атағы, төс белгімен мараппаталған. Қазақ елі тәуелсіздік алысымен  ата жұртын аңсап жүрген, кең далада еркін өскен Монғолиялық қазақтар атамекеніне ағылды.

    Алғашқы лек 1991 жылдың науырыз айының 22-жұлдызында қазақ ұлты көп шоғырланған және облыс, ауданды басқарған ұлтшыл азаматтардың арқасында  Павлодар облысының Баянауыл, Талдықорған облысының үш, төрт ауданына ат басын тіреген. Осы облыстарға келген көштің аңысын аңдып отырған басқа облыстағы ұлтжанды азаматтарда қарап қалмады. 1992 жылы Көкшетауға алғашқы көш келіпті. Көшіп келушілердің көбі еңбек шарты бойынша  жұмысшы, малшы болып келуге тиіс болды. Бірақ, Көкшетаулық зиялы қауым өкілдері кеңесіп, Жанат Қасымов бас болып Көкшетау қаласына зиялы қауым өкілдерін әкелуге шешім шығарады.

    Шешім бойынша Монғолияның Бай-өлке аймағына Жеңіс Темірхан бастаған өкілдер барып бір топ зиялы, өнерлі жастарды әкелген болатын. Олардың ішінде Монғолияның Тау-кен, геология министірлігінде, Куба Республикасындағы Монғолия елшілігінде жауапты қызметтер атқарған, марқұм Захай Төлегенұлы, марқұм жазушы-журналист Баман Құрманханұлы, жас өнерпаз марқұм Бақытжан Хибатдолдаұлы, ғылым докторы марқұм  Кәни Кәбди,  музыкант Серік Шәдетұлы, сазгер ұстаз Құрмет Сахайұлы келген еді. Келгендерді кәдірлеп силап, баспана жұмыс берді. Олар көрікті Көкшетаудың ауасын жұтып, суын ішіп дегендей, ата жұртына үйренісіп, байырғы қандастарымен етене араласып, еліне бұйырған қызметін жасап, өз үлестерін қосып жүр. Қәзір өздері жоқ ағалардың, ұрпағым деп келген үміттері ақталып, балалары әр салада жемісті еңбек етіп жүр.

    Жалпы шеттен келген ағайындар, тәуелсіздіктің нығаю кезеңіндегі, заманның ыстығы мен суғын, байырғы қандастарымен бірге көріп, бірлесе жүріп, игі іске білектерін сыбана кірісуінің арқасында, еңбектенгендері, ықыластылары елдің елеулі азаматтары қатарына шығып, қарапайымдары өз күндерін өзі көріп, ата жұртына сіңісіп кетті. Солардың ішінде еліне еленіп жүрген сазгер Құрмет Сахайұлы Көкшетау қаласындағы Ж.Мусин атындағы қазақ педогогика коллежнің директоры Мұрат Ыдырысовтың шақыруымен, осы коллеждің  музык бөліміне ұстаздық етіп, зейнетке шыққан болатын. Ұстаздығының сыртында, сазгерлік таланты, шеберлігімен Республикаға танымал тұлға болды. Ол қазақшасы  жаңа шығып, тәй тәй басып, талпынып жүрген бұрынғы Көкшетау облысы, қәзіргі Ақмола облыстық мемлекеттік филармониясының оркестіріне арнап 400-ден астам ән өңдеп және жергілікті әуесқой сазгерлердің 200-ден өлеңдерін нотаға түсіріп, клавирлеген.  Ол осы еңбегінің сыртында 5 кантата, 30 би әуені, бір музыкалық комедия жазған.

    Құрмет 2007 жылы Шымкент қаласында өткен балаларға арналған «Балдәурен»  ән  байқауында Сағи Жиенбаевтың сөзіне жазылған «Жиырма сегіз батыр» әні  бас жүлде,  2002 жылы «Жәй ғана ғажайып» конкурсында С.Әлімқұловтың өлеңіне жазылған «Отан» әні, 2007- 2008  жылы  Астана қаласында өткен 1Ү-Ү Республикалық патриоттық әндердің «Елім менің»  байқауында «Аманат», «Атамекен» номинациясысы бойынша жас ақын Е.Баятұлының өлеңдеріне жазған «Алты Алаштың ардағы», «Туған жер» әнімен  1 орын, 2000 жылы «Жаңа ғасырға жаңа ән», 2007 жылы «Астана-бәйтерек» және 2009, 2010 жылдары «Елім менің» патриоттық әндер байқауында 2 орындарды жеңіп алып, барлығы 9 мәрте лауреат 2 мәрте дипломант атанған. Балаларға арналған «Күміс қоңырау» жинағы 2 кітап болып жарық көрді. 1994, 1998, 2009 жылдары Көкшетау қаласында 3 рет шығармашылық концертін өткізген. Қазақстан композиторлар одағының мүшесі.

    Құрмет Сахай білім беру саласында ерен еңбектенгені үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі», 2004 жылы «Ы. Алтынсарин» төс белгісімен силанған. Құрметтің таланты , беделі өзі қызмет етіп жүрген коллежгеде зор бедел әкелді.  Ойда қырда ән айтылса, Құрметтің әні, оның аттымен бірге, Көкшетаудағы қазақ педогогика коллежнің аты бірге аталады. Құрмет тәрбиелеген коллеж студентерінің  «Самғау» біріккен хорының кәсіби орындаушылық шеберлігі, республикадағы осындай шығармашылық ұйымдармен бәсекелесуге тұрарлық,  қәбілет қарымы өте жоғары деседі. Ұлдардан құралған «Ұландар» және ер мұғалімдердің «Наркескен» бокалдық тобыда Көкше жұршылығына танымал.

    Құрмет облыстың мәдениет саласынада сүбелі үлес қосып «Қазақстан республикасы ның мәдениет қайраткері» атағына ие болды. Белгілі сазгер, ақын жазушылар  Құрмет Сақайұлының өнеріне жылы лебіздер айтып,  жоғары бағалаған. Солардан бір екеуін атайық. Қазақстанның халық жазушысы Сәкен Жүнісов:-«Әнің жүрек қылын тербетер нәзік сезімге құрып, жаңа ғана бұрқ ете қалған жалындай өнер әлеміне жарқ еткен композитор Құрмет Сахай дер едім» десе, В. Шайнский:-«Нағыз Отанға деген сағыныш әніңіз маған ұнады. Балалар әндері осындай болу керек»-деп баға берген. Атақты Латиф Хамиди шәкірті  Құрметтің талантына  консерватория  қабырғасында жүргенде ақ  тәнті болыпты. Ұстазы:- « Әуеніңіз әдемі. Сізден келешекте ән жанырында үлкен үміт күтемін» деп батасын беріпті.

    Сол жетпісінші жылдары Құрмет жазған «Алматым» әні студент жастардың жанын тербеп, жылылыққа бөлеген жанды әндердің бірі болыпты. Қәзір оның балаларға арналған әндері қала мен ауылда шырқалып,жүздеген, мыңдаған бүлдіршіндердің жүрегіне Отанға, еліне, ұлтына деген патриоттық сезімін оятып, жігерін жанып, тәуелсіз елінің туын нық ұстар азаматтардың өсіп өнуіне зор ықпал етуде…

    Құрметтің атажұртына алғаш аяқ басқанда алды бастауыш, арты балабақша жасында келген балалары, өсіп ер жетіп, әр салада еңбек етеді. Зайыбы Ардагүл Мұстафа қызы ардагер ұстаз атанып, Ж.Мусин атындағы қазақ педогогика коллежінде музыка мұғалимасы және  бос уақытында Құрметтің жаңа әндеріне сын жазатын бірінші  ассиценті  қызметін атқара жүріп зейнет демалысына шықты.

    Құрмет Сахайұлы Қазақ елімен жерінің тәуелсіздік алғанның 20 жылдығына арнап «Үш бақытым» атты патриоттық әндер жинағын тарту етті. Жинақ «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филалының демеушілігімен жарық көрді. Жинақ қазақтың аса көрнекті дүлділ ақыны, басқадан өзіде сөзіде, мәнеріде бөлек, тау тұлғасына сай, сөзі кесек, ноқтаға басы иілмеген, заманның еленбеген заңғары Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңіне ән жазылып, қиыннан қиыстырылып жазылған, ұлтына ұлы рух беретін нәр қуаты мол  сөзге жазылған, мәнді ән болып шыққан соң, кітаптың атауыда осылай аталыпты. Ақын ішін сызып, сазгер сыртын әрлеген әнде:-«Ең бірінші бақытым-халқым, екіншісі-тілім, үшіншісі-Отан»-депті.  Олай болса:-«Тәуелсіздік-бақыттың шыңы»- дер едім.

    Тәуелсіздік болмаса, осы жолдар жазылама, жазар оқиға өрбиме…Одақтың езгісіндегі-қазақты, әлем бүгінгідей білеме, шет жайлаған екі қазақ келіп, бірі тәуелсіздікті жырлап, бірі тәуелсіз елімен, еңбектенген ерін жыр етіп жазама…

    Тәуелсіздік болмаса-мың бақыттан не қайыр. Азат жанның –ойы мен бойында ұлылық, өңінде жылылық, шуақ тұрады. Онда:-« Бодандықтың ұстанымы-құлдық, бостандықтың ұстанымы –ұлылық»-демеске. Құрмет белгілі жазушы Төлеген Қажыбай, ақын ғылымдокторы  Ерболат Баятұлы қатарлы ақын жазушылармен   бірігіп, тәуелсіз елінің, тәуелсіздігін жыр еткен біршама әндер жазған сазгер. Тәуелсіз қазақ елі аман болса талай ән, талай жыр жазылар…

    Осылай тәуелсіздіктің шапағаты елімізбен, халқымыздың игілігіне жар болып, ұрпағымыз еркін елдің, еркін ойлы азаматы болып, өсіп өне берсін. Өнер бойға қонатын құдірет. Сол құдірет иесі, ән күй өнерінің майталманы Құрметті мерей тойымен құтықтай отырып,   бауырымыздың өнері өрге жүзіп, жасына жас, басына бас қосылып, ұрпағы өсіп өне берсін  -деген ізгі тілекпен, бүгінше, сөз тәмәм…

     

    ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

    Пікіріңізді енгізіңіз!
    мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

    - Жарнама -spot_img

    Соңғы мақалалар