Жер бетінің уақытша ғана тұрғынымыз. Бүгін бармыз, ертең Алланың қолындамыз. Бәрі өтер. Өткінші дүние. Аспан мен жердің арасы қаншама мың километр екендігін білмедім. Бірақ біздің ертеңгі баратын жеріміз зәу аспанның ар жағы. Алланың алды. Бір журналдан оқыдым «Ғаламтордың төртінші планета топографиясын мұқият зерделеу нәтижесінде Марстың солтүстік жарты шарында оның үштен бірін алып жатқан мұхит бар екендігін көрсетті» дейді шетелдік ғалымдар.
Тіпті Марста жаңбыр жауып тұрғандығында дәлелдеп арнайы құрылғымен көрген. Демек, ғылым жетістігі ақырындап Алланың мекеніне қарай бет алып бара жатыр ма деген маған күдікті ой келді. Біздің байлар жанталасып қазір әлемнің әр түкпірінен вилла, коттедж үйлер алып, шетелді де бағындырып жатыр. Алдағы уақытта Құдайдың мекеніне барып саяхаттап емес, той жасаймыз деп жүрмесе болды.
Кир екінші патшаның ұлы Камбис елу мың адамдық әскерін Сива оазисін жаулап алып, Амон храмын қирату үшін аттандырады. Араға бір апта өткенде шөл даладағы оазиске енген әскердің қалай шыққандығын ешкім көрмеген. Геродот бұл жайға байланысты: «Өте қатты, ажал арандата құтырынған жел, оңтүстіктен көтеріліп, құмды суырып аспанға көтерген күйі Камбис әскерін толығымен төпеп тастады» деп жазады. О құданың құдыреті қаншама жерден жер-жаһанды жаулаймын десеңізде, алтын тақ, алтын тәж кисеңізде, Жаратушы Иеміздің құдыретіне шек келтіре алмайсың. Алланың есеп-қисабынан құтыла алмайсың. Байлық пен тоқшылық көп болса ғұмырын таусылғанша. Ал артыңызда қалған ізді келесі ұрпақ құмның арасынан тауып алып бағасын өздері береді.
Аспанда тіршілік бар дедік. Бөгде планеталықтар жайлы жұрт айтады. Өтірік айтпайын бір емес бес-алты мәрте көзбен көрдім. Бірақ шынымды айтсам құйрығы жылтыңдап бара жатқан белгісіз тылсымды аспанда көрсем бір сәтсіздікке ұрынамын. Күз еді. Тастай қараңғы. Ауылда қырманды күзетіп отырған көрші хабарласты. Жылқыларына сұлы тасып ал деп. Арбамен бардым. Кішкене ел ұйықтасын деп әңгімелесіп отырдым. Арбағы алты-жеті қап сұлыны артып алып ақырын келе жатыр едім. Айналам жап-жарық болып кетті. Төбеме қарасам сәулесі төгілген төбемде аспалы шамдай болып бір сұмдық тұр. Тоқсан ұрғанда аяғын баспайтын қарагер атқа қамшы бастым. Мыңқ еткен ол жоқ. Баяғы бөрі бүлкіліне басты да бүлкілдеді. Артымнан әлгі сұмдық еріп келді де, ұшып кете барды,-дейді таныс жігіт.
Ал Болгарлық ғалымдар жат ғаламшарлықтар туралы жазып жатыр. Олар жер бетінде өмір сүріп жатқандығын дәлелдеп, тіпті олар мен қарым-қатынасып жатқандығын айтып жазуда. Тіпті деймін-ау Болгарияның ғарыштық зерттеулер-инситутының ғалымдары бұл күнде өзгепланеталықтардың жердегілерге жазған хатын оқып анықтау үстінде деп жазады.
Филипов деген ғалым «Адамзат баласы бөгде планеталықтармен таяуда 10-15 жылдың ішінде міндетті түрде байланыс орнатады» деп тұжырымдайды. Құдай сақтасын! Тіпті ғаламшардан жерге келушілерді совет үкіметінің ұшқыштары да байқап жүрген. Демек аспанда да тіршілік бар-ау. Құдайдың құдыреті. Жаратылыстың жөні бөлек.
Біздің қазақ неге казактан шыққан Ермакты, Жармақ деп дәріптейді. Әне бір таныс жігіт ұлының есімін Жармақ қойыпты. Ал тарих парағына жүгінсек Жармағыңыз қазақтың территориясына кірмеген. Ол орыстың әскерін басқарып, Көшім ханның әскерін тықсыртып, Сібірге кіргенде Сәтбек батырдың қолынан қаза тауыпты, Омбының Тарск деген жеріне суға кеткен (Омбыда қазақтың жері ғой Ж.О) 1900 жылдары ресейден келген келімсектер Ермакты қазақтың даласына әкеліп герой қылып дәріптей бастаған деп жазады Қ.Есімханов есімді ағамыз. Ал керек болса. Біздің бір дәңдәку ақжағалымыз Е.Пугачёв, Сырым Датовпен қосылып орыс империясының қарсы шыққан №1 батыр дейді. Демек Е.Пугачёв батыр болса, орыс империясымен күрессе қазақпен мүдделес болып тұр. Шәмілге де бір көшені қию керек. Шәміл жиырма бес жыл жүріп соғысқан. Әйтеуір басқаны дәріптегенде алдымызға жан салмайтын жүйрікпіз