20.4 C
London
Сәрсенбі, Қыркүйек 27, 2023

Самат Ескендіров, естиді ме?..

- Advertisement -spot_imgspot_img
- Advertisement -spot_imgspot_img

Естімейді-ау, естігісі де келмейді. Бурабай ауданына қарасты бес ауылдың жерін банкке кепілге қойып, өзі жүр. Биылғы жылы Абылай-хан, Мәдениет, Ақылбай, Баянбай, Қарабұлақ ауылының тұрғындары «Есіл» ЖШС-нен жерімізді қайтарып бер деп өтініш жасаған-ды.

Он бес жылдан кейін ауыл тұрғындарымен биыл кездескен Солтүстік Қазақстан облысының экс-әкімі, Қазақстан Республикасы Парламентінің экс-сенаторы Самат Ескендіров, кезекті уәдесін үйіп-төгіп беріп кеткен болатын. Бірақ егін орылғаннан кейін құдай атымен берілген уәде әдірәм қалды. Баяғы ескі соқпақпен халықтың үлес пайын төменгі мөлшермен беріліп тағы да кезекті сценариймен кете барды.

Қазіргі күні жерінен айырылып отырған ел, жерін кімнен аларын білмей бастары қатып ел-сел болып отыр. Бурабай ауданы Қарабұлақ ауылының тұрғыны «Есіл» ЖШС-гіне жерін берген Мирас Зікірияновтың үндеуіне енді Самат Ескендіров құлақ асар ма екен!

Қазақ «Бай адам елдің құты» дейді. Қазақта елдің құтына айналған байды ерекше құрметтеген. Байлық адам бойындағы қасиетті танытады деп есептеген. Байлар табысының он пайызын жылына бір рет таратып, халықты жарылқаған, әрі елдің алғысын алған.

Ал, бір ауылды емес, бүтін бір елді зар жылатып отырған бүгінгінің байы саналатын Самат Ескендіровтің тірлігін не деуге болады?! Әлібетте, орыстың «Горбатого могила исправит» деген сөзі осы Самат Ескендіров сияқтыларға айтылған ба деп қаласын. Әкім болды, құлаққа «лапшаны» ілді. Сенатор болды, құлаққа «лапшаны» ілді. Кәсіпкер болды, сол «лапшасын» әлі де іліп келеді. Халық одан лапша емес, сол лапша дайындалатын бидайды өсіретін ұлтарақтай жерін сұрап отыр.

- Advertisement -spot_imgspot_img
Жеңіс Оспанов
Жеңіс Оспанов
Жеңіс Серібайұлы Оспанов бұрынғы Фрунзе, қазіргі Абылай-хан ауылында қарапайым отбасында 1984 жылы 9 мамыр күні дүниеге келген. Орта мектепті тәмәмдап он тоғыз жасынан бастап "Бурабай" аудандық қоғамдық-саяси газетінде тілші болып қызметін бастаған. Қазіргі таңда "Бурабай" газетінің редакторы. Әңгімелері әр басылымдарда жарық көріп келе жатыр. Ақмола облысы әкімінің "Алғыс хаты" және әр түрлі байқауларда проза жанры бойынша жүлде алған. Өзекті тақырыптарда мәселе көтеріп жазып жүр. Көбіне тарих, ауылдағы ескі әңгімелерді жинақтап басылым беттеріне жариялайды.
Latest news
- Advertisement -spot_img
Related news
- Advertisement -spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here