-8.7 C
Kokshetau
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023

СҚО бір үйір жылқы суға батып кетті

Өңірлер тынысыСолтүстік Қазақстан облысыСҚО бір үйір жылқы суға батып кетті

EsilNews редакциясына хабарласып айтқан Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Әлжан ауылы тұрғындарының сөзінше, еркін жайылымда жүрген бір үйір жылқы осыдан бес-алты күн бұрын ізім-ғайым жоғалған. Жылқышылармен бірге мал иелері де барлық жерді шарлап шығыпты. Тіпті жоғалған жылқыны іздеуге полициядан да көмек сұрапты. Сөйтсе, жылқылар ауыл маңындағы қамыстың арасында суға батып кеткен екен.

Қазіргі кезде мал иелері суға батқан жылқылардың санын анықтауда.

«Ауылда отырып малмен күн көріп отырған, ауылдағы ағайынға әрине қиын. «Жылқы айдаса жаудыкі, ықса желдікі» деуші еді көкірегі даңғыл қариялар. Қазір жылқыны түгендеп жатырмыз өлген жылқының саны алпыстай болуы мүмкін, мүмкін одан да көп болмаса»,-дейді Әлжан ауылының тұрғындары.

Сондай-ақ, оқыңыз...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Ұқсас мақалалар

Тегтер бойынша оқыңыз:

Көп оқылған мақалалар