Солтүстік Қазақстан облысындағы журналист әріптесіміз Руфия Мустафина облыстың бас имамы Хамзат Әділбековтен Құрбан Айт мерекесі туралы сұхбат алған. Осы үшін қазір солтүстіктегі әріптесіміздің басы дауға қалып отыр. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490 бабының 3 тармағы бойынша айыппұл төлемекші.
Мамандардың айтуынша, ҚР заңы бойынша, сұхбат алу үшін бас имам рұқсат беруі керек екен. Ал, сұхбатты имамның өзі беріп отыр. Сонда бұл не, журналисті «бір мұқатып алу ма?» Бұл жағы СҚО-ның имамының құзыретінде. Қысқасы төртінші биліктің өкілі отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын, құқығын ешкім қорғамайтын, аты дардай мамандық болды!..
Мәссаған молдаларға тегі көптен кісі өлмей ақша түспеген ғой. Сосын журналисті сотқа беріп ақша істеп алайын деген шығар!!!
Біздің елде журналисттердің аузын буып тастаған. Сөз бостандығы жоқ.
Не үшін,бұлар өздерін облыстың әкімі сияқты сезінетін болды. Ойлайтындары өлім. Айтатындары өлім
Имамның мұнысы жарамады. Мерекеге байланысты сұхбат үшін сотқа беріп жатса, мешіттегі жемқорлық туралы жазса не болмақ?!. Алғыстың орнына, қарғыс айтқандай болды ғой. Имамдардың осындай әрекетінен адамдардың дінге деген жиіркеніші қалыптаспағанда қайтеді.
Шұғыл дін саласына да реформа жасау керек. «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы имамдарға да тікелей байланысты. Имамдар мен жамағаттың арасы жер мен көктей болып кетті. Адам діннен безбейді, адамдарды діннен бездіретін осындай имамдар.
Алаңдама қарындасым «Аққа Құдай жақ» бұлар өзі Аллаға сенеді ме екен, кейде осылай ойлаймын.
Мына «имам» сірә журналистерді бір ықтырып алайын деген шығар! Бұлар қуланып алды ғой. Өтірік Алла деп, сосын өлімді жерде семіріп.
Жеңіс мырза бұл ісіңіз ұят болды, кәсіби маман болсаңыз істің мән-жайын біліп алып жазған дұрыс болар еді. Мен тарапынан Руфия ханымға ешқандай араз-шағым жазылмады. Руфия ханымнан мәселені нақтылап алғаныңыз жөн болар, адамға жала жаппаңыз бауырым
Хамзат Қажымұратұлы!
Мен ешкімге жала жауып отырған жоқпын. Руфия қарындасымызды сотқа беріп жатқанда, басы дауға қалғанда имам ретінде емес-азамат ретінде барып сотқа қатысып, бір білместік болған шығар деп, арашалауға көмек қолын созбадыңыз ба!? Қарындасымыз жайдан-жай, нақақтан-нақақ күйіп тұр ғой.
Қасиетті құранда «қиянат» адамның наласы, көз жасы туралы көп айтылады. Әлде Сіз бұл сот туралы білмейсіз бе!?
Қаршадай қыз шырылдап отқа түскен қарлығаштай болып жатқанда «міз бақпай» отыру бұл адамдық кодексте де дұрыс емес.
Айып пұлдың бастысы Сіздің тараптан кетіп отыр. Алдымен Сіздің рұқсатыңыз керек екен. Рұқсатсыз неге саласыз!? деп жауапқа тартылып отыр.
Айтпақшы ешкім звандап мазамды алмасың. Мынаны алып тасташы «ұят болады» деген ұзын сөзді қырық қайталап, Әлеуметтік желідегі, мұндағы материалды да алмаймын. Руфия Мустафинаның құқығы, жалғыз оныкі ғана емес жалпы журналистердің құқығы тапталмасын!