spot_img
More

    Рудныйдағы балалар өлімі бойынша токсикологиялық сараптама тағайындалды

    Денсаулық сақтау басқармасы Рудныйдағы алты жасар ағайынды балалардың жұмбақ өліміне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

    «Балалар өлімінің себебін сарапшылар анықтайды. Токсикологиялық сараптама тағайындалды. Улы заттардан улануы да мүмкін. Қазірдің өзінде қажетті материалдар алынды. Токсикологиялық сараптаманың нәтижесі 12-14 күннен кейін дайын болады», – деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

    Бұған дейін хабарланғандай, Рудныйда алты жасар екі бала ауруханадан шыққан күннің кешінде қайтыс болған.

    Кейін оқиғаға байланысты облыстық полиция департаменті түсінік берді.

    Тақырып бойынша мақала

    spot_img

    Соңғы мақала

    ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

    Пікіріңізді енгізіңіз!
    мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз