Қостанай қаласының Сити-орталығының ашық аспан астындағы сахнасында өткен шарада қаланың шығармашылық ұжымдары, «Мирас» мәдениет сарайының вокалистері мен ансамбльдері өз өнерлерін ортаға салды.
«Республика күнінің қазақстандықтар үшін маңызы зор. Республика күні – бұл жаңа Қазақстан ұрпағының өзінің бастауы мен сабақтастығын мойындауының, тарихи еңбегі мен халқымыздың мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы ерік-жігерін құрметтеуінің символы», – дейді қала тұрғыны Дауылбай Әбикенов.
Фото: Костанайские новости