-8.7 C
Kokshetau
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023

Президент «несиені» кешірсе…

Айтайын дегенімПрезидент «несиені» кешірсе...

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өзінің бір сөзінде: «Халықтың жағдайы қиын, несие алушылардың несиесін кешіру жолдарын қарастыру керек», деген еді. Расында да, соңғы жылдары халықтың күнкөрісі қиындап кеткені байқалады. Бұған кейбір қазақстандықтардың тұрмыс-тіршілігі айқын дәлел бола алады. Тіпті, әл-ауқатының төмендегені соншалықты, кейбір адамдар киер киімін былай қойып, күнделікті жейтін азық-түлігін несиеге алып отырған жайы бар.

Жасыратыны жоқ біздегі екінші деңгейлі банктердің пайыздық мөлшерлермесі өте жоғары. Бір рет несие алсаң, ол несиені шамалы айлықтың есебінен жабу мүмкін емес. Ол үшін тағы несие алу керек. Яғни, несиені несиемен ғана өтей аласын деген сөз. Осының арқасында банктер байып, қара халық қарыздан қарызға кіріп, жұрдай болуда.

Өткен жылы сот орындаушыларын атып тастаған оқыс оқиға,елді әбігерге салды. Сот орындаушылар «заң білмейді» деп несие алушыларды қорқытып-үркітіп, тіпті жүректен ауру қылып жатқандығы да жасырын емес.

Сенің бар жоғына, аш-тоғына қарамайды. Осылардың кесірінен біраз адам өмірімен қош айтысып жатыр. Олардың себеп-салдарын тексеріп жатқан ешкім де жоқ. Ал зейнетақы қорындағы қаражатты екінші деңгейлі банктерге аудардық.  Сонда бұл үкімет халықтың сүтін алып, суын өздеріне үстемемен беріп отыр ма деген ойға қаласын.

Ал кейбір ұзынқұлаққа қарағанда 1980 жылдан былайғыларға болашақта «зейнетақы» болмайды деген сыбыс бар. Сіз бен Біздің жинаған қаражатымыз суға кетіп жатыр ма, ол жағы тағы да белгісіз!

Жалпы жекеменшік банктерді жауып барлығын мемлекеттендіру керек, қазақстанның байлығы есебінен кім-көрінгенді байытып, тойдырып болдық қой.  Енді халықты ойлау керек.

Халықтың несиесін кешірсе, халық көкке тойған қозыдай бір қуанып қалары сөзсіз. Әлде бұл жолы да «сойылдың жуан басы, халыққа тиіп» талтаңдап жүрген бай-бағландардың несиесін кешіреді ме, ол тағы да алдағы сайлауда сайланатын Президентке байланысты.

Банктердің пайыздық үстемақысын артығымен төледік. Дамушы елде солай деп соғатын министірлер АҚШ-та 2 пайызбен несие береді екен. Біздегідей 24-30 пайыз емес…

Өйткені біздегі кемпір-шал,бала-шағаның барлығы жалпағынан банктерге қарыздар.

Сондай-ақ, оқыңыз...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Ұқсас мақалалар

Тегтер бойынша оқыңыз:

Көп оқылған мақалалар