-9.6 C
Kokshetau
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023

Петропавлдағы ЖЭО тағы да төтенше жағдай: бұл жолы 21 жастағы жұмысшы көз жұмды

ОқиғаПетропавлдағы ЖЭО тағы да төтенше жағдай: бұл жолы 21 жастағы жұмысшы көз жұмды

Петропавл қалалық Полиция басқармасының мәліметінше, қалалық полиция басқармасының бірінші полиция бөлімінің өндірісінде ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары бар.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында анықталғандай, 2022 жылдың 5-ші қарашасында Петропавл ЖЭО-2 аумағында жұмыс орнында 21 жастағы монолитші өндірістік жарақат алған. Ер адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды, алайда 7 қараша күні қайтыс болды. Осыған байланысты қылмыстық іс ҚР ҚК 156-бабының 3-бөліміне ауыстырылды», – делінген қалалық полиция басқармасының мәліметінде.

Ведомстводан атап өткендей, қазіргі кезде, қайғылы оқиғаның мән-жайларын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады. Сондай-ақ, жұмыстарды орындау кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жауапты тұлғалардың кінәсі айқындалады.

Сондай-ақ, оқыңыз...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Ұқсас мақалалар

Тегтер бойынша оқыңыз:

Көп оқылған мақалалар