spot_img
More

    Петропавлда тағы су құбыры жарылды

    Бұл туралы қала әкімі Руслан Аңбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Әкімнің сөзінше, бүгін түнде 314 атқыштар дивизиясының көшесінде 800 мм суық сумен жабдықтау құбыры жарылды. Ақау орны табылды. Қазір «Қызылжар су» ЖШС зақымдануды жою бойынша жұмыс жүргізуде. Мамандандырылған техниканың кедергісіз өтуі үшін Пестрой көлі жағына қалаға кіру уақытша жабылған.

    «Қазіргі уақытта қала бойынша сумен жабдықтау қысымы қалпына келтірілуде. Жұмысшы және Береке шағынаудандарын қоспағанда. Мамандар осы аудандардағы қысымды арттыру үшін барлық шараларды қабылдауда. Сондай-ақ, су қысымы толық қалпына келгенше тұрғындарға су жеткізу ұйымдастырылатынын хабарлағым келеді. Мен бұл мәселені жеке бақылауда ұстаймын», – жазды әкім.

    Тақырып бойынша мақала

    spot_img

    Соңғы мақала

    ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

    Пікіріңізді енгізіңіз!
    мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз