spot_img
More

    Петропавлда лифт құлап, бір адам көз жұмды

    Петропалда көпқабатты үйде лифт құлап, бір адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

    «4 қарашада Петропавл қаласының Полиция басқармасына Жұмабаев көшесіндегі тоғыз қабатты үйде лифтіге күрделі жөндеу жүргізу кезінде трос үзіліп, салдарынан 8-ші қабат биіктігінен 39 жастағы ер адам шахтаға құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ер адам алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді», – делінген мәліметте.

    Қазір оқиға орнында Петропавл прокуратурасының және полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

    Тақырып бойынша мақала

    spot_img

    Соңғы мақала

    ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

    Пікіріңізді енгізіңіз!
    мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз