spot_img
More

    Қоянды ауылында 280 орындық балабақша ашылды

    Наурыз мерекесіне орайластырылған «Ай-Көркем» балабақшасының ашылу салтанатына Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов, Целиноград ауданының әкімі Бахитбек Оспанбеков қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

    Балабақша 280 орынға шақталған, онда мемлекеттік тілде оқытатын 13 топ жұмыс істейтін болады.

    Балабақшада баланың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалған. Барлық топтық бөлмелер, сондай-ақ музыка залы, дене шынықтыру залы және асхана барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Негізгі тәрбиешілерден басқа, балалармен дене шынықтыру нұсқаушысы, логопед және хореограф мамандар жұмыс істейді.

    Айта кетсек, бүгінгі таңда ауданда мектепке дейінгі білім беретін 70 ұйым бар, оның ішінде 11 мемлекеттік балабақша, 46 жекеменшік балабақша және 13 шағын орталық.

    Тақырып бойынша мақала

    spot_img

    Соңғы мақала

    ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

    Пікіріңізді енгізіңіз!
    мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз