spot_img
More

    Оқжетпес ауылының Мәдениет үйінде балалар жылына арналған «Кел, балалар, оқылық!» шығармашылық көрмесі өтті

    Бурабай ауданының «Балауса балғын – таланттар» атты «Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығы фестивалінің гала-концертіне орай орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Оқжетпес ауылының Мәдениет үйінде балалар жылына арналған «Кел, балалар, оқылық!» шығармашылық көрмесін ұсынды. «Кітап – ағып жатқан бұлақ» ерекше инсталляция жасалды. «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» дегендей, әр адам кітап оқу арқылы, білім құдығынан нәр алады.

    «Білім құдығына» қарап, жинақталған білімнің көп екеніне көз жеткізуге болады. Кітаптарды оқи отырып, біз үнемі жаңа, қызықты нәрсені үйренеміз, көкжиегімізді кеңейтеміз. Экспозицияның маңызды элементі келушілер викторина сұрақтарына жауап берді. Іс-шараға қатысушылар «Букеанариум» инсталляциясында демалыс аймағында отырып, сүйікті кітабын оқи отырып, фото суреттерге түсті.

    «Оқырман адам» инсталляциясы келушілерде ерекше көңілкүй сыйлады. Негізгі идеясы оқырмандарды дәстүрлі кітаптарды оқуға шақыру. «Тілек ағашы» кітап инсталляциясын толықтырды, іс-шараға қатысушылар ағашты өз тілектері жазылған жапырақтармен безендіру ұсынылды.

    Кітапханашылар шығармашылық көрмені дайындауға 900 аса кітаптар пайдаланды. Шығармашылық көрме көпшілік оқырмандарға көңіл-күй сыйлады.

     

    Бурабайдың Жеңісі
    Бурабайдың Жеңісі
    Жеңіс Серібайұлы Оспанов бұрынғы Фрунзе, қазіргі Абылай-хан ауылында қарапайым отбасында 1984 жылы 9 мамыр күні дүниеге келген. Орта мектепті тәмәмдап он тоғыз жасынан бастап "Бурабай" аудандық қоғамдық-саяси газетінде тілші болып қызметін бастаған. Қазіргі таңда "Бурабай" газетінің редакторы. Әңгімелері әр басылымдарда жарық көріп келе жатыр. Ақмола облысы әкімінің "Алғыс хаты" және әр түрлі байқауларда проза жанры бойынша жүлде алған. Өзекті тақырыптарда мәселе көтеріп жазып жүр. Көбіне тарих, ауылдағы ескі әңгімелерді жинақтап басылым беттеріне жариялайды.

    Тақырып бойынша мақала

    spot_img

    Соңғы мақала

    ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

    Пікіріңізді енгізіңіз!
    мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз