21 C
London
Сәрсенбі, Қыркүйек 27, 2023

«Насыбай» дәметкіш әйелдер

- Advertisement -spot_imgspot_img
- Advertisement -spot_imgspot_img

Біздің қоғамда жеңіл жүрістілерге қайдан болсын орын табылады. Кезінде семья бұзғыш қатындарды қазақ даласы да, совет үкіметі де жер аударған. Ал қазір барлығы керісінше оның сөзін барлығы сөйлейді, мүсіркейді. Біреудің отбасын бұзып, шаңырағын ортасына түсіріп ана тәрбиесін алмай, көше тәрбиесін алып лағып, оттап жүрген күйдіргі қатындар қоғамға дәрі болды.

Жаңа бір азамат хабарласты. Жылап тұр, намыстанып тұр. Қатыны бұл жұмыста жүргенде бір жігітпен әмпей болып жүрген төрт баласы бар.

Үстіне түстім. Ұрмадым, соқпадым, пәтерімді тастап кеттім. Енді төрт балаға алимент төлеймін. Әділдік қайда дейді. Ол ол ма әлгі албасты қатын, ана ашынасына кредит алып берген. Есуас-ай!

Иә, әділдік жоқ, ол қатын ертең жылап-сықтаса барлығы сөзін сөйлеп «жалғызбасты ана» деп дәріптейді. Қайдағы жалғыз басты ана?! Семья бұзғыш, жүргіш қатын.

Ол ірітуші, қоғамды бүлдіруші. Жалпы жеңіл жүрісті еркек болсын, қатын болсын оның «оның ойы лас, ісі харам»ертең жеті ұрпағына қасірет сыйлайтын басты күнәһар!

Айғағы қолымда не істесем екен деп ақыл сұрады, тістеніп ызаланып тұрған жігіт.
Қайтесін «ит пен ит болып» ит төлеуі бір күшік деген. Басын аман болсын! дедім.

Былтыр бір азамат әйелінің үстіне түсіп өзіне қол салған. Хат жазып, видеоға түсіріп, туыстарына жіберген. Күйеуінің өліміне себепкер болған кісі өлтіруші қатынға ешқандай заң қарастырылған жоқ. Өйткені кодексте жазылмаған. Жалғыз басты ана ретінде тізімге ілікті.

Ондайлардың сөзін сөйлеушілерге жеңіл ойлы келін берсін! деген дұрыс шығар.
Қысқасы әлгі азаматтың сөзі құлағымнан кетер емес.

– Видеоңды өшірме дедім бар айтқаным.

-Неге дейді.

-Айғақ сақтап қой, сотқа бергенде көрсет ондай жиіркеніштілерді қоғам біліп жүрсін дедім.

Қысқасы көше тәрбиесін көрген жетесіз әйелден сақтасын!

Еркектің рөлі бізде неге төмен. Еркек сыртта ақша табады, қатыны ойнас қылады. Еркек сөмкесін арқалап кетеді, қатыны үйді алып қалады. Отағасын ойламай ойнас жасап жүрген қатынға бала да, бай да, ұят та керегі жоқ. Ондай санасызға бір атым насыбай болса болғаны.

Ондайлардың намысы баяғыда туа салып ана сүтімен бірге өлген.

Анасын көріп қызын ал деген осындайда еске түседі.

Қысқасы бөріктінің намысы жер болып жатса, шашы ұзын, пайымы қысқа бейшара әркімнен насыбай дәметіп жүрсе, оны неге қоғам қатарға қосады? Осыған таң қаламын.

- Advertisement -spot_imgspot_img
Жеңіс Оспанов
Жеңіс Оспанов
Жеңіс Серібайұлы Оспанов бұрынғы Фрунзе, қазіргі Абылай-хан ауылында қарапайым отбасында 1984 жылы 9 мамыр күні дүниеге келген. Орта мектепті тәмәмдап он тоғыз жасынан бастап "Бурабай" аудандық қоғамдық-саяси газетінде тілші болып қызметін бастаған. Қазіргі таңда "Бурабай" газетінің редакторы. Әңгімелері әр басылымдарда жарық көріп келе жатыр. Ақмола облысы әкімінің "Алғыс хаты" және әр түрлі байқауларда проза жанры бойынша жүлде алған. Өзекті тақырыптарда мәселе көтеріп жазып жүр. Көбіне тарих, ауылдағы ескі әңгімелерді жинақтап басылым беттеріне жариялайды.
Latest news
- Advertisement -spot_img
Related news
- Advertisement -spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here