20.4 C
London
Сәрсенбі, Қыркүйек 27, 2023

Нақты істердің нәтижесінің жемісі

- Advertisement -spot_imgspot_img
- Advertisement -spot_imgspot_img

УспеноЮрьевка ауылының округіне Николаевка, Райгородок ауылдары кіреді. Ауыл әкімі Талғат Оспанов. Әкімдердің кезекті есеп беру жиналысы УспеноЮрьевка ауылында жалғасын тапты. Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев, аудан әкімінің орынбасары Бекахмет Махметов және аудандағы жауапты бөлім басшылары қатысты.

Есептік кездесуде сөз алған Әсет Азаматұлы;

Өткен жылы ауданымыз үшін оңтайлы жыл болды, біраз ауылдардың ішкі жолдарын жөндеп, көшелеріне жарық тартылып, спорттық ойын алаңдары орнатылды деп бастады сөз басын. Биылғы жоспарымызда  ауылдық округтардың әлеуетін көтеріп, ифрақұрылымын дамытуға бағытталып отыр.  Соның бірі осы ауылға Мира және Школьная көшелеріне көше жарығын орнатуды жоспарлап сметалық құжатын әзірлеп отырмыз.  Жалпы жақсы бастама басталды. Тек әрі қарай дамыту, бөлінген қаражатты тиімлді пайдалану біздің қолымызда.  Есептік кездесу халықпен диалогтік тұрғыда өрбігендіктен, жергілікті халықтың түйткілді тұстарын тереңінен талдап, талқылау керектігін аудан басшысы баса айтты. УспеноЮрьев ауылының тұрғындарын мазалаған сұрақтың бірі, қар мәселесі, кейбір көшелерде қар тазаланбайды деп сұрақ қойды.

 

Ауыл әкімі Талғат Оспанов:

Кеше бұрқасын боран соққандықтан, бүгінгі күні  көшедегі қарларды тазалап ретке келтіріп жатырмыз. Техника үлгере алмай жатыр. Біздің округте жалғыз бұл ғана ауыл емес-Николаевка, Райгородок ауылдары да бар, оларда да тұрғындар бар, ауру-сырқауы т.б. Сондықтанда, әрбір ауыл тұрғынының талабы бойынша қар мәселесін болдырмай, уақытында тазалап отыру керектігін жақсы білеміз. Қазір техника орталық көшелерді тазалап жатыр.  Бірер күнде ауылдың ішін толық тазалап жаяу жүргіншілер үшін-мүмкіндік жасап қоямыз,-деп жергілікті тұрғынның сұрағына жауап берді.

Николаевка ауылынан келген аға буынның сауалдары жаңадан салынып жатқан аудан мен ауылдың ортасындағы жолы жайлы сұрағы жолданды.

Тым ұзаққа созылып барады. Әрине, бұның барлығы елдің игілігі үшін, түсінеміз, бірақ қашан аяқталады?-деп сауал жолдады.

Жалпы биылғы жылы жергілікті автожолдарды жөндеу жұмысынын жүргізуге Көкшетау қаласының белгілі компания тендерге қатысып, жеңіп алған болатын.

Бұған әрине қуанып отырмыз. Біріншіден бұл компанияда жауапгершілік бар. Екіншіден өз істеріне келгенде тыңғылықты қызмет атқара білетін компания,-деп аудан басшысы жауап берді.

Тұрғындар тарапынан көкейтесті сұрақтар жолданбады. Халық пен әкімдердің арасындағы диалогтін ашық форматта өтуі, сонымен қатар  ауылдағы ағайын бұрынғыдай емес, нақты істерге көз жеткізе бастағандай.

 

Ұрымқай ауылы ажарланып келеді…

Жұлдызы жоғарлап келеді. Кешегі жауған қалың қарды көшеде тазалап жүрген кішкентай ғана трактор, көшені ғана емес-әрбір аулаға жеке тоқталып ақ қарды үлкен күрегімен көсіп алып, жолдың жиегіне қарай үйіп жатыр. Аз жылдың ішінде Ұрымқай ауылы, әсерлі болып, шырайына шырай кіріп, бетіне қан жүгіріпті. Жаңадан ашылған балабақша, бір балаға айына -10 мың теңге ғана. Ауыл ортасындағы кеңсеге кірдік. Пошта торабы, учаскелік инспектордың кабинеті, ауыл әкімінің аппараты барлығы жаңа үлгіде.

Шындығы керек, тоқсаныншы жылдары тоқырап қалған ауылдан кейін, мынандай ғажап кеңсеге кіргенде ішінен шыққымыз келмей біраз аралап таңдай қақтық. Іші қайнап тұр. Терезені ашып кейде желдетіп аламыз,-дейді кеңседегілер.

Ұлт пен ұлыстың баласы тұрып жатқан ауылға сүйсіне қарадық. Жердің жұмағы дермісіз.  Мешіт салып жатыр деген соң, әкімнің кезекті есеп беру жиынына дейін Алланың жердегі үйін көріп келейік деп бардық. 130 орынға арналған үлкен аппақ зәулім мешіт. Құрылыс жұмысы аяқталуға жақын.

Бұйыртса Ұлыстың ұлы күніне қарай ашылу рәсімін жасаймыз ба деген үмітіміз бар,-дейді ауыл тұрғындары.

Әкімдердің халыққа есеп беру жиынына қатысқан Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев ұрымқайлық тұрғындармен кездесіп, ауданымыз бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтіп, биылғы жылы атқаратын жұмыстарды пысықтап, Ұрымқай ауылына арналған жоспар жайлы мәліметімен бөлісті. Ажарланып келе жатқан ауыл тұрғындарынан, әкім тарапына, жалпы барлық барған жауапты мекемелерге сұрақтар қойылған жоқ. Жиын көпке созылмай түйінделді.

Ауыл әкімі Жамбыл Оспанов, өзі басқаратын округтің жылдан-жылға көркейіп келе жатқандығын айтып, алда атқаратын біраз ауқымда шаруалардың бар екендігін де жасырмады.

- Advertisement -spot_imgspot_img
Жеңіс Оспанов
Жеңіс Оспанов
Жеңіс Серібайұлы Оспанов бұрынғы Фрунзе, қазіргі Абылай-хан ауылында қарапайым отбасында 1984 жылы 9 мамыр күні дүниеге келген. Орта мектепті тәмәмдап он тоғыз жасынан бастап "Бурабай" аудандық қоғамдық-саяси газетінде тілші болып қызметін бастаған. Қазіргі таңда "Бурабай" газетінің редакторы. Әңгімелері әр басылымдарда жарық көріп келе жатыр. Ақмола облысы әкімінің "Алғыс хаты" және әр түрлі байқауларда проза жанры бойынша жүлде алған. Өзекті тақырыптарда мәселе көтеріп жазып жүр. Көбіне тарих, ауылдағы ескі әңгімелерді жинақтап басылым беттеріне жариялайды.
Latest news
- Advertisement -spot_img
Related news
- Advertisement -spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here