-8.7 C
Kokshetau
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023

Мұрат қажыдан мұндай әрекетті күтпеген едім

Айтайын дегенімМұрат қажыдан мұндай әрекетті күтпеген едім

Көзі ашық, көкірегі ояу кез-келген жас алдыңғы толқынды ағалардың абыройлы істерін, атқарған жұмыстарын өздеріне медет тұтады.

Ал, «Абылай ханның қара жолы» деп аталатын жобаны қолға алып, экспедиция ұйымдастырған Мұрат ҚАЖЫ Ыдырысұлынан нендей өнеге аларымды мен білмей отырмын. Адамның адам болуына еңбек пен ақылы, алған білімі ғана емес, адамгершілік қасиеті де көп әсер етеді. Қажылық та Қасиетті жерге барып, Аллаға ниет еткенге ғана бұйырады. Мұрат ҚАЖЫ ағамызға бұл қасиетті дәрежелер АЛЛАМЕН берілгеніне күмәнім бар.

Олай деуге, «Абылай ханның ақ жолын» неге «қара жол» деп тарихты бұрмалаймыз» атты мақалам жарияланғаннан кейінгі ағамыздың теріс әрекеттері әсер етті. Араға адамдар салып, байланыс нөмірімді сұратып, тағы біреулерге мақала астында комментарийлер қалдыруды бұйырған. Басқа да қолшоқпарлары мақаланы алып тастауды талап етіп, басшылық арқылы қысым жасау ниетпен қайда жұмыс істейтінімді де сұрастырған.

Ақыры ол нөмірімді тауып, маған қоңырау шалды. Ол аз болғандай өзге біреудің атын жамылып танысты ғой, шіркін!

Тарихты бұрмалау, өтірік айту, ақпараттың шығуына кедергі жасау, қудалау, балағаттау сынды теріс іс-әрекеттер қасиетті жердің тасын басып, Аллаға бой ұсынған адамнан шығады деп ойладыңыз ба? Мен жоқ! Үш ұйықтасам да, түсіме кірмепті.

Бұған дейін, ол кісіден талай сұқбат алған менде оның нөмірі Мұрат Қажы (+7701 511 85 68) деп сақтаулы тұр. Қоңырау шалғанда өзін «Атыраудағы профессормын, аты-жөнім Қожахметов Мұхтар»,-деп таныстырды.

Не айтар екен деп сөзін бөлмей әрі қарай тыңдадым. Баяндағаны сол пәленше «қара жол» деді, түгенше де «қара жол» деді деп, нақты ресми түрде бекітілген дәлелін келтіре алмады. Алайда, «Халық солай айтқан, сен халықтан үлкен емессің!» деп ашуға булығып, намысқа тиетін сөздермен балағаттап, телефонды қоя салды.

Рас. Халықтан мен ғана емес, қажылыққа барып келген ол да артық емес. Жалған ниетпен халықтың атын жамылып, тарих қойнауына сіңген киелі атаулардың атын өзгертуге оған кім рұқсат етті? Соны айттың деп, журналистті балағаттауға кім оған құқық беріпті?

Қазақ халқы тілге, тарихқа, мәдениетке, салт-дәстүрге, жора-жоралғыларға өте бай. Әсіресе, тіліміз ең көркем, бай тіл деп танылып, әлем бойынша үшінші орынға ілікті. Әр сөзіміздің қолданыс аясы өте кең. Сөздің қадірін, сөздің киесін түсінген ата-бабамыз да Абылайдың жүріп өткен жолын «ақ жол» деп бекер атамаған. Өзі басқарған Орта жүздің ұрпақтары туларына «АҚ ЖОЛ!» деп жазып ұрандады. Кейін үш жүздің басын біріктірген Абылайды елі ақ сүтке шомылдырып, ақ киіз үстінде көтеріп хан етіп сайлады. Тарихта «Абылайдың ақ туы», «Абылайдың ақ үйі», «Абылай ханның ақ жолы» деген атаулар ресми түрде бекітілген. Оларды мен емес, ол айтқан халық, яғни, ата-бабамыз мұра етіп қалдырды.

Көне заманнан бері сөзге шешен, данышпан, аталы сөзге тоқтаған, қариямен қасарыспаған, кішіні кішіпейілділікпен құрметтей білген халықпыз. Маған хабарласып, балағаттап жатқанның өзінде қарсы сөз айтып, тіл қатпадым.

Ертең өзі жайында (жастарға өнегесі болса, әрине) кітап жазғысы келіп, оны «Мұрат Қажының жүріп өткен қара жолы» десе мейлі. Оған ешкім қой демес. Тек, Абылай ханға тиіспесін. Аруақты құрметтеу салтымызды аяқ асты етпесін. Ұрпаққа қалдырар бірегей мәліметті бұрмаламасын.

Мен журналист ретінде халық мұрасына қол сұқпауды, Хан аруағын мазаламауды талап етемін! Егер «сенікі бұрыс, менікі дұрыс» дер болса, әр сөзін ресми дәлелдермен келтіріп, жазба қалдырсын. Болмаса, халықтың алдына шығып, кешірім сұрасын!

***

Еске сала кетсек, бұдан бұрын «Журналистке қысым жасап жатқан кім?» тақырыбымен мақала жариялаған едік. Жеңіс Оспановтың қысым көруіне себеп болған жай, осыдан бұрын Сандықтау аудандық «Аманат» партиясының жетекшісі  Л.Ловягина туралы жазған мақаласы еді.

Ал, оның алдында «Имамнан сұхбат алғаным үшін айыппұл төледім-журналист» мақаласы жарық көрді. Осы мақаладан кейін «Петропавлда сот имаммен сұхбаты үшін журналистке салынған айыппұлды алып тастады«.

Сондай-ақ, оқыңыз...

12 ПІКІРЛЕР

  1. Негізі «пенсияға» шыққан осы кісілер мұндай жұмыспен айналыспай үйде отыруы керек қой. Жалмаң-жалмаң етіп жастармен жағаласып. Қайда барсаң да шалдар. Қадыры кеткен. Сосын қайдан ел оңады. Санасы болса, немересіндей қызды балағаттайды ма? Айгүл министір болса, қалай жалпақтайтын еді. Жалпы барлық қазақстандық аға буын. Пенсияға шықтыңдар ма, Құдай үшін үйде отырыңдаршы. Өтініш!!!

  2. Журналистен Мұрат қажы кешірім сұрасын. Сұратамыз. «Сақалы сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық» Абай.
    Ұят жоқ екен ғой, мына кісіде. Сотқа беру керек.

    • Оте дурыс айтасыз. Колдаймын. Осы уакытка дейин журналистер шындыкты бетке айта алмай бугып келген жок па? Енди Жана Казакстанды куру ушин, осындай ащы шындыкты шыркыратып халык алдына жайып салатын билгир, ожет журналистер кажет ак. Ески козкарасты туптамырымен жулу ушин, Жана занымыз журналистерди шындап коргау керек…

  3. Бұл не деген бассыздық? Журналистерді кез келген адам қорлайтын дәрежеге жеттік пе?

  4. Баласы зам әкім болды. Боқта бітірген жоқ. Не жұмыс істей алмады, не сөйлей алмады. Баласын пайдаланып, әкесі осы экспедиция сияқты көптеген іске араласты. Тіпті, экспедицияға әкімдіктің (өзінің баласының қызметтік Таиота ленкрузер) көлігімен барды. Енді бір баласы қаланың ең онды жері, орталығынан жер алып үй салып жүр.

    • Массаған, бұларда тоқтау бар ма? Бұл істерін Президентке дейін жеткізу керек!

  5. Иті де, биті де журналистерге сес көрсететіні несі? Сөз бостандығы, «Жаңа Қазақстан » деген қайда?!. Қазақстан Журналистері одағы осы іске араласып, журналистке дікіңдеген адамды жауапқа тартсын.

  6. Қажы емес, бұл кісілер -туристер ғой. Дайын ұшақпен қыдырып барып келген. Құдайды алдап,қоғамды алдап, қызды даттап жүрген соң кім екендігі белгілі.

  7. Оқып отырған нәрсеңді сынау қашан да оңай. Бірақ тарихты бұрмалау, дәлелденген дүниені керісінше айтып, Халық арасында жалған мәлімет тарату миға симайды. Осындай жалған мәлімет таратушылардың кесірінен ел ішінде дүрбелең болатыны. Намысы бар азамат болса, Алланың атынан сөйлеп, осы жолда таза болса кешірім сұрайды деп ойлаймын.

  8. Еліміздің егемендігі мықты болу үшін, халық пен үкімет арасын жалғастырушы журналисттер шыншыл, білімді, жігерлі болуы керек. Халық оларды қолдап, қорғайды

  9. Жарты Көкшетау осы кісінің отбасының меншігінде. Глобус, Қант орталығы. Жұмбақтас, Облсофпром. Орталық базар аумағында салынып жатқан тұрғын үй мен жер телімдері. Санай берсе сұмдық көп. Бурабайда қаншама меншігі бар? Мынаны тездетіп Тоқаевқа жеткізу керек. Әйтпесе, Көкшетауды жеке меншіктеп алайын деп тұр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Ұқсас мақалалар

Тегтер бойынша оқыңыз:

Көп оқылған мақалалар