20.4 C
London
Сәрсенбі, Қыркүйек 27, 2023

Мұрат қажы, аруақты сыйлаңыз, райыңыздан қайтыңыз!

- Advertisement -spot_imgspot_img
- Advertisement -spot_imgspot_img

Жақында EsilNews интернет газетінен Абылай ханның қара жолына арналған мақаланы оқыдым. Сол мақалаға байланысты өз көзқарасымды білдіргенді жөн көрдім. Мақалада маңызды мәселе көтерілген екен. Абылай ханның қара жолы дегенді бірнеше жыл бұрын оқыған едім. Алғаш рет оқығанда тақырыбына қарап Абылай ханды оның ордасы болған Көкшетаудан Түркістанға апарып жерлегенде жүрген жолына байланысты қойылған шығар деп ойладым. Ханның мүрдесін алып барған қаралы топ, қаралы керуен жүріп өткен жол Абылай ханның қара жолы деп аталған болар деп ойладым. Бірақ мақаланы оқығанымда олай емес екенін түсіндім. Арнайы экспедиция құрылып, біраз адам соның құрамында Абылай хан салған жолмен жүріп өтіпті. Ол жол Көкшетаудан Түркістанға дейін ғана емес, Орал, Ақтөбе облыстарына да барады екен.

Менің түсінуімше үш жүздің басын қосқан хан болған Абылайдың тұсында елдің ішіндегі байланысты жүзеге асыратын  елдің барлық аймақтарымен байланыстыратын жол болған көрінеді. Ол жол қазіргідей асвальттанған көтерме жол емес, ат пен арба жүретін таптаурын жол болған секілді. Осындай тарихи жолды қайта жаңғыртып жатқан Мұрат қажы бастаған азаматтарға зор алғыс айтамыз. Сол жолмен жүріп өтіп, ол туралы мақалалар жазып, кітап қылып шығару үлкен жұмыс. Бірақ осындай жұмысты жүргізген азаматтар Абылай ханның қара жолы деп оның атауын неге бұрмалаған? Журналист Айгүл Бекетқызы жақсы мәселені көтеріп отыр. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы деген бар. Абылайдың ақ жолы деген бар. Бірақ Абылайханның қара жолы дегенді өмірі естімеген екенмін. Тарихты неге бұрмалаймыз?

М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов сияқты жазушыларды оқысаңыз, қара жол дегенді көрмейсіз. Қазақ қара жер, қара шаңырақ, қара қазан дейді, ал қара жол деген ұғым ертеде болмаған. Ол кешегі сәвет заманында пайда болды. Сол кезде асвалть төселген жолдар салынды. Оны асвальт жол немесе қара жол деп атады. Мұрат қажы да сол сәвет заманындағы қара жол түсінігін алған болса керек. Сәвет заманындағы түсінікті Абылай ханның заманындағы түсінікке апарып жапсыруға бола ма? Ол заманда қара жол деген ұғым болмаса, онда Абылай ханның қара жол деп неге атаған?

Қара жол дегеннің өзі әлгінде айтып кеткенімдей, құлаққа ерсі естілетін теріс ұғым. Қара жол дегеннің мағынасы өлген адамды жерлеуге апаратын жол дегенге келеді. Орысша аударсақ «Черная дорога Абылай хана» болып шығады. Бұл дұрыс емес қой. Тағы да айтқым келіп тұр, қара деген түсініктің ертеден қалыптасқан мағынасы бар: қара шаңырақ, қара қазан, қара жер, қара бала, т.б. Бірақ қазақ қара жол деп айтпаған. Қалай айтсаңыз да, оны дәлелдей алмайсыз.

Мұрат қажы мырза, сіз біраз шаруалар жасапсыз, оны жоққа шығара алмаймыз. Бірақ енді сол шаруаңызды аяғына дейін дұрыс атқарыңыз. Абылай ханның қара жолы деп тарихты бұрмаламаңыз. Бұл аруақты қорлау, тарихты бұрмалау. Аруақты сыйлаңыз, райыңыздан қайтыңыз. Одан сіздің беделіңізге нұқсан келмейді. Абылай ханға «ақ» деген сөзді қимасаңыз, жәй ғана Абылай ханның жол деп атаңыз.  Ақ па, қара ма, қызыл ма – оның ешкімге керегі жоқ. Абылай ханның жолы десеңіз, ол жұрттың бәріне түсінікті. Осылай жасап, қатеңізді түзетсеңіз, жұрт сізге разы болады. Егер «менікі дұрыс, қара жол болып қалады» десеңіз, онда  тарихты бұрмалаған, аруақты қорлаған адам атанасыз.

Құрман Әбілтегі.

Ескерту: EsilNews инернет газеті мақаланы оқырмандарына қаз-қалпында ұсынып отыр. Мақаланы EsilNews инернет газетінің esilnews@mail.ru электрондық поштасына Құрман Әбілтегі есімді оқырман жолдады.

***

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ««Абылай ханның ақ жолын» неге «қара жол» деп тарихты бұрмалаймыз» тақырыбымен мақала жариялаған едік. Осыдан кейін Мұрат қажы Ыдырысұлы мақала авторына ұялы телефоннан қоңырау шалып, өзін «Атыраудағы профессормын, аты-жөнім Қожахметов Мұхтар»,-деп таныстырды.

Бұған дейін, ол кісіден талай сұхбат алған Айгүл Бекетқызының телефонында оның нөмірі Мұрат Қажы (+7701 511 85 68) деп сақтаулы тұрған. Қажы адамның өтірік айтқаны былай тұрсын, ол өзінің немересіндей журналист қызыға намысқа тиетіндей балағат сөздерді айтып, телефонын өшіре салған. Бұл туралы журналисттің EsilNews инернет газетінде «Мұрат қажыдан мұндай әрекетті күтпеген едім» тақырыбымен мақаласы жарық көрді.

Қазіргі кезде, Қайыргелді Әкімбеков сияқты «ақсақалдар» әлеуметтік желіге EsilNews тілшісі Айгүл Бекетқызына қарата неше түрлі пікір жазып, әдепсіздік пен жағымпаздықтың жарқын үлгісін көрсетуде. Бұл туралы EsilNews инертнет газетінде алдағы күндері мақала жариялайтын боламыз.

 

- Advertisement -spot_imgspot_img
Latest news
- Advertisement -spot_img
Related news
- Advertisement -spot_img

1 COMMENT

  1. Мына шалдар ауыздарына келгенін айтып, білгенін істедауу. Не болды жастармен салғыласып. Қайта тарих үшін шыж-быж болған жастарды қолдамайсыңдар ма? Ақмола өңірінің ақсақалдары деп бетке ұстарларының жоқ болғаны ма? Тоқтау айтып, жастардың сөзіне құлақ асайық дейтін аға буын, қайда?

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here