spot_imgspot_img

Әлеуетті еріктілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тренинг ұйымдастырылды

Date:

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 25-27 тамызда Зеренді ауданында өткен «Жастар іс Академиясы» республикалық іс-шарасы аясында өңір жастарына арналған семинар-тренинг өткізді.

Департаменттің превенция басқармасы басшысының орынбасары Абай Жаналинов тренингке қатысушыларға белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдіріп, ағымдағы жылдың тамыз айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен басталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын таныстырды.

Спикер атап өткендей, жобаның мақсаты қоғамды еріктілер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке барынша тарту болып табылады. Ол үшін қоғамдық бақылау (мониторинг арқылы), сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және білім беру, рro bono еріктілік (кәсіби көмек көрсету), сондай-ақ корпоративтік еріктілік сияқты бағыттар әзірленді.

Атап айтқанда, азаматтар мемлекеттік сатып алу порталына, бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігіне, өңірдің проблемалық мәселелеріне, сондай-ақ жұмыстардың тиісті сапасы жоқ объектілерге мониторингтер жүргізу арқылы қоғамдық бақылауды жүзеге асыра алады.

Спикерлер мемлекеттік сатып алу саласы мен бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне мониторинг жүргізудің практикалық тәжірибесімен егжей-тегжейлі бөлісті, сондай-ақ басқа еріктілерге әдіснамалық көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Кездесу қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде еріктілік ынтымақтастықты ұйымдастыру жөнінде пікір алмасуға және ұсыныстар айтуға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, кез келген адам жобаға ерікті бола алады, ол үшін Көкшетау қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 71/1, эл пошта akmobl@antikor.gov.kz, тел.: 8 (7162) 29 65 15 мекенжайы бойынша өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне хабарласу қажет.