spot_img
More

    Л.Ловягинаның соты қалай өтіп жатыр

    1986 жылы Алматыда алаңға барған қазақ жастарын «террорист» деген Л.Ловягинаның соты басталды. Бұның алдында хабарлағанымыздай сот онлайн форматта өтсе, осы жолы  Сандықтау ауданының орталығы Балкашинада өтіп жатыр. Аталмыш сотқа  еліміздің әр түкпірлерінен келген желтоқсан ұйымының өкілдері қатысып жатыр. Атап айтсақ, Астана, Шығыс Қазақстан, Алматы, Шымкент, Көкшетау қалаларынан бар.

    Сонымен қатар көпшіліктің есіне салайық, бұл сотқа бару үшін желтоқсандық ұйым жетекшілері мен желтоқсан ардагерлері қаражат жинап барғандығын еске саламыз. Ал 1986 жылы 16 желтоқсанда «билік басына қазақ азаматы келсін» деп өздерінің талап-тілектерін бейбіт митингі арқылы жеткіземіз деген қазақ жастарының  жүздегені оқудан шығарылып, қаншамасы қуғынға ұшырап сотталды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін барып желтоқсандық жастар ақталған болатын.

    Еске сала кетсек, Сандықтау ауданы жаңалықтарын кез келген оқырманымыз EsilNews интернет газетінің esilnews@mail.ru электрондық поштасына жіберуге немесе сайтымыздағы Сіз авторсыз парақшасы арқылы жариялауына болады. Оқырман хатын қаз-қалпында жариялау біздің басты ұстанымыз.

    Тақырып бойынша мақала

    spot_img

    Соңғы мақала

    2 ПІКІРЛЕР

    1. Ловягина дұрыс жазасын алсын, желтоқсан қаһармандарын қаралап, террористер дегені не сасқаны. Әділетті сот болсын.

    2. Л.Логявинаның бұл «тірлігі» Ресейдегі шовинистік көзқарастардың көрініс деп білемін. Мұндай адамдарды еркіншілікке тек жіберуге болмайды, үндемей қалсақ үндемей отырған осындай пиғылдағы басқалары да үн шығаруы мүмкін. Соттың шешімі мен Үкімет көзқарастары ундеседі деп білемін.

    ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

    Пікіріңізді енгізіңіз!
    мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз