Былтыр ғана елдің ішін дүрбелеңге салған «коронавирус ауруы» ізім-қайым жоғалды. Құдайдың құтты күні, әне ауырды, міне ауырды деп дүрбелеңге салған аурудың аяқ-астынан жоғалғаны қызық болды!
Былтыр салғырттық па, немқұрайлық па, әйтеуір жас мөлшеріне қарамай, біраз адамның ажалына себепкер болған ауруды ауыздықтай алмай қалғандығына қарағанда «ковид» көктен түскен жоқ деп жатыр шетелдік БАҚ -ы. Барлығына «вакцина ал» деп екі аяғын бір етікке тыққандар, биыл неге үнсіз!?
Кейбір ірі мекемелер «екпе алғандарға» ақша төлегендігі жайлы естіп жатырмыз. Екпені алмай анықтама алғандар да бар, бұл жайлы да ұзынқұлақ айтып жатыр.
Бұл сонда не «мысыққа ойын, тышқанға өлім» деген миссияның аясындағы саяси ойын болды ма?
Биыл көп адам тұмаумен ауырып жатыр,тіпті қара күздің басында ел ішінде вирус қатты жүрді. Тұмаумен ауырғандар үнсіз үйде емделуде. Дәрігерге қаралып жатқандар да бар шығар, бірақ сирек. Короновирус тұсында дүниеден өткен марқұмдарды аруламай ана дүниеге кеткені, есті адамды қатты ойландырады.
Сонымен бұл ауру өзі болды ма, болмады ма, болса «но конец то» болып жоғалды ма? Әйтеуір жұмбақ болып тұр. Айтпақшы былтыр «екпе» алдыңыз ба?
Бізге осы сұрақ қызық болып тұр да.
Сонымен расында да «ковид» қайда кетті? Дұрыс көтерілген мәселе. Ал жауап берсін???
Иә. Талайдың ажалына врачтар жетті аппарат кигізіп, қаншама адамды арулатпай көмдірді. Сосын жемқорлықпен ұсталған Ақмола облысындағыларға аз жыл беріп қоя берді. Сонымен іс бітті. Өздері имансыз қатады әлі бұлар!!!