21 C
London
Сәрсенбі, Қыркүйек 27, 2023

Кеше Иван еді, бүгін имам, ертең кім?

- Advertisement -spot_imgspot_img
- Advertisement -spot_imgspot_img

Күні кеше Қазақстанға, қазақтарға, ана тілімізге тіл тигізіп, Тәуелсіздігімізге сызат түсіргізгісі келген Көкшетау қаласының тұрғыны Иван Недосеков аяқасты мұсылман болып шыға келді.

Соңғы кезде басқа ұлт өкілдерінің арасынан белсене шығып, теріскей өңірді Ресейдің жері деушілер көптеп шығып жатыр. Оның үстіне көрші елдегі мобилизатцияның әсерінен қазіргі күні мыңдаған ресейлік біздің елге кіргені белгілі. Оларды тексеріп, тіркеуге қойып жатқан ешкім жоқ, қайта қолайлы жұмыс тауып береміз, көмектесеміз деушілердің көп болғандығы да баршамызға жақсы мәлім.

Иван Иванович Ақмола облысының Степногор қаласының тумасы, осы күні Көкшетау қаласында тұрады. Жақында ресейлік блогер жүргізген сұхбатында Иван қазақтың суын ішіп, нанын жеп отырғанына қарамастан «соғыс бола қалған жағдайда, Қазақстанды екінші Вьетнам қыламын, қазақ тілінің маған көк тиынға да қажеті жоқ», – деп ашына айтып, тіпті тілімізді қорлаған еді.

Сөзіміздің дәлелі ретінде әлеуметтік желіде жарияланған сол видеоны ұсынып отырмыз.

Арандатушылық мақсатпен эфирген шыққан Иван Иванович заң алдында қылмыстық жауапқа тартылудан қорықты ма, әлде көксегені басқа ма, тез арада Көкшетау қаласындағы облыстық мешітке барып, Ислам дінін қабылдай салыпты. Тіпті, сәждеге маңдайын тигізіп, құран ұстап ант берген. Қателескендігін айтып, жұмыстағы әріптестері мен айналасындағы адамдардың барлығы жаман екенін жайып салған.

Енді міне, сол Иванның исламды қабылдап, оны растайтын құжаттарын алып жатқан сәтін Көкшетаудағы мешіт имамдары суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады.

Сонда деймін тұтас қазақтың жеріне көз тігіп қана қоймай, тілін даттап, ұлтымызды боқтап, қорлаған азамат осылай оңай жолмен құтылып кетеді ме, бұл жағын түсінбедік.

Мешіт имамдарына осы мәселе бойынша сауал жолдаған едік, олар Иванның кім екенін, неліктен Ислам дінін қабылдағанынан бейхабар болып шықты.

 

Осыған қарағанда, дінімізде Иваннан басқа да Алла тағаланың ала шапанын жамылған сойқандар көппе деп қаласын. Осындайда «адамның қуы молда болар, жылқының қуы жорға болар» сөз ойға оралады.

Жарайды делік, Иван Ивановичті мұсылман қылыпсыздар, мұсылманның міндеті сүндет деген. Енді намазхан жамағаттың қатарынан табылатын Иван Ивановичтің есімін азан шақырып өзгерткенімен сүндеттелмегендігін ескерсеңіздер дейміз.

Ұзын-сөздің қысқасы ұлтымызды боқтап, пікірін ашық айтқан азаматтың ойы ұстанымы ашық болса да, жазадан осылай құтылып кетсе, онда намыстан жұрдай болдық деп ойлаймын.

Келесі біреу боқтайды, ол да Исламды қабылдап құтыла береді ме?

Кеше Иван еді, бүгін имам, ертең «диван» болмасына кім кепіл?

Қасқырды қанша бақсаң да орманға қарап ұлиды деген тәмсілдің бар екендігін ұмытпасақ екен.

Айта кетсек, бұдан бұрын СҚО бас имамынан сұхбат алған журналисттің айыппұл төлегенін жазған едік.

- Advertisement -spot_imgspot_img
Жеңіс Оспанов
Жеңіс Оспанов
Жеңіс Серібайұлы Оспанов бұрынғы Фрунзе, қазіргі Абылай-хан ауылында қарапайым отбасында 1984 жылы 9 мамыр күні дүниеге келген. Орта мектепті тәмәмдап он тоғыз жасынан бастап "Бурабай" аудандық қоғамдық-саяси газетінде тілші болып қызметін бастаған. Қазіргі таңда "Бурабай" газетінің редакторы. Әңгімелері әр басылымдарда жарық көріп келе жатыр. Ақмола облысы әкімінің "Алғыс хаты" және әр түрлі байқауларда проза жанры бойынша жүлде алған. Өзекті тақырыптарда мәселе көтеріп жазып жүр. Көбіне тарих, ауылдағы ескі әңгімелерді жинақтап басылым беттеріне жариялайды.
Latest news
- Advertisement -spot_img
Related news
- Advertisement -spot_img

5 COMMENTS

  1. Біздің имамдарға бәрі бір білемін. Әйтпесе туған тілін боқтап, саптап отырған адамды осыншалықты елдің алдына шығара ма? Масқара ғой таза арандатушы мынау.
    Мешіт ойыншық болып кетті өзі Алла кешірсін!

  2. Қазақта намыс болмай кетті. Көкшетаулық имамдар мыналарыңыз таза пиар намыссыздық! Абылайдың аруағының алдында ұятқа баттық ау. Мынадан кейін сіздерге өз басым сенбеймін. Алла кешірсін. Сүндетке отырғызып бір бір мешітке Иванды имам қылыңыздар енді.

  3. Көп мәселені көтеріп жүр бұл сайт жарайсыңдар. Көкшетауға керек осындай қазақ тілді сайт

  4. Дінге бет бұрсын, ақылға келіп, сабырға түссін. Енді сол жерін имамдар көрсетпейді ме? Аяғы аспаннан салбырап түскендей жоқ жерде имам бола берсе, онда діннің қадыры кетіп, имамдардың ойыншығына айналғаны ма?

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here