21 C
London
Сәрсенбі, Қыркүйек 27, 2023

Керемет қасиет иесі Хейро

- Advertisement -spot_imgspot_img
- Advertisement -spot_imgspot_img

Хейро-деген есім кезінде жарты әлемге мәлім болды. Шын есімі Уильям Джон Уорнер. ХІХ ғасырда атағы жер жарған көріпкел. Хейро 1866 жылы қарашаның І жұлдызында дүниеге келген. Бала кезінен сыныптастары мен құрдастарының ойын оқып, мұғалімнің не айтатынын алдын-ала болжап біліп отыратын қасиеті болған, тіпті бұл қасиеттің қайдан қонғандығын өзге түгілі өзі де білмеген.

Әлемде алдағы уақытта үлкен құбылыстар күтіп тұр. Жалпы адамзаттың баласы білім шыңына шығып, үлкен жетістіктерге жетеді деп болашаққа көңіл дүрбісін салып айқын болжаған. Өзімен бірге жолаушылап келе жатқан поездегі жас жігітке: Сені ұлы істер күтіп тұр, сен екінші Наполеон боласың, керемет жанға үйленіп, есімің жаһанға мәлім болады, бірақ кісі қолынан қаза табасың деген. Жолаушы жігіт өзінің болашағын болжаған адамға күле қарап, сенімсіздік танытқан.

Ал тағдырын болжап, келешегін айтқанда сенбеген жас жігіт, қаншама жылдан соң-ирландиялық көшбасшы Чарлз Стюарт Парнелл болатын. Өзінің сүйіп қосылған жарымен ажырасар кезінде Кэтрин Ошидің қолынан қаза табады. Хейроның болжамы айна-қатесіз тура келеді.

Хейро әлемнің тылсым күштерін тереңнен түсіну үшін Үндістанға сапар шегеді, бұл жердегі қасиетті адамдармен араласып, жергілікті болжамгер, көріпкелдермен танысып, тылсым дүниеге құмарта түсіп, өзінің бойындағы қасиеттерін жетілдіру жолында аянбай еңбек етіп, біраз жылдан соң өзінің сүйікті қаласы Лондонға қайтып келеді.

Бұл кезде бұның көріпкелдігі жайлы әлі ешкім біле бермейтін-ді. Ист-Энденің өлімін ашып, күдіктіні тура ұстап береді. Кісі өлімі жайлы жергілікті баспасөз беттері шулап жаза бастаған, қылмыстың ашылуын қатты назарына алған жергілікті полиция өкілдері күдікті ұстай алмай әуре-сарсаңға түскен соң, көріпкелдің көмегіне жүгінеді. Кісі өлімі тіркелген пәтерде өлген кісінің заңсыз некеден туған ұлы өлтірген деген нақты айқын дәлелді пікірін айтады. Полиция өкілдері тіпті бұған сенбеушілікпен қарап, күдіктіні зерт жүргізіп тергеуге алғанда, расында да заңсыз әкесін өлтіргендігін, тіпті көптен бері жоспарлап алғандығын қылмыскер ашық мойындайды. Осы елді дүрліктірген қылмыстан кейін көріпкелдің есімі елге кеңінен таныла бастаған.

Хейро арнайы барып сонау ерте ғасырда өмір сүрген египеттік ханшайымның мумияланған қолын ұстап, анттасып қайтып келіп, «маған ұлы ханшайымның қолы арқылы тылсым күштер рух беріп жатыр»,- деп жария қылады. Әрине Хейроның кісі өлімін ашқан ұлы көріпкелдігі жайлы жұрт күн сайын естіп, тіпті ел аузынан тастамайтындай дәрежеге жетеді. Оның үстіне болашағын болжатқысы келген ақжағалы мырзалар, ақсаусақ ханшайымдар көптеп келіп кезекке тұрады.

Бірде осындай ақжағалы мырзаның бірі болашақ үкімет үйінің премьер-министрі Артур Джеймс Бальфур арнайы келіп болашағын болжатады. Ал бұл уақытта жергілікті полиция өкілдері Хейро өзінің көріпкелдігін тастамай одан әрі жалғастыратын болса заң арқылы шектеу қоятындығын айтып, бұйрық шығарған болатын. Бірақ, билік басындағы ақжағалы мырзалар келіп, болашағы жайлы сұрап жатқандықтан бұл құпия түрінде қалу керек деп бұйрықтың пәрмені бәсеңдейді. Ал Хейро болса, мемлекет басында лауазымды қызмет атқарып жүрген шенеуніктер жайлы өздеріне ғана айтып, басқа жұртқа ештеңе сездірмейді, өйткені жеке басына қауіп төнген болатын-ды.

Мүмкін құдайдың берген таланты дейміз бе, жоқ әлде қасиеті дейміз бе, өзінің ішкі түйсігі, санасындағы белгісіз сигналдар арқылы адамның ішкі ойын оқып, біліп отыратын көріпкелге келушілердің саны артқан сайын атақ-даңқы да арта береді. Бойындағы ерекше қабілеті арқылы адамның ішкі әлеміне еніп, оның болашағын дәл болжаған Хейро бірде өзінің танысының сол қолын ұстап тұрып, «Сен корольдің сол қолы боласың» дейді. Бірақ қазір емес қырыққа қадам басқан тұста бағың көтеріліп, жұлдызың жанады дегені дәл келеді. Тіпті атақты Оскар Уайльддің болашағын болжап классик жазушы болатындығын да айтып жеткізген.

1894 жылы Хейро Америка Құрама Штатына көшіп барып, сол жердегі Чикаго қаласында өзінің емделушілеріне эксперимент жасау арқылы о дүниеге аттандырып отырған дәрігер Мейерді жергілікті басылымнан оқып, «Бұл кісі өз ажалымен өледі, қазір емес араға бірнеше жыл салып өлім жазасы алынып тасталады» деген. Айтқаны дөп келеді. Жоғарғы сот алдына келіп ем алушыларды қасақана өлтіріп, о дүниеге аттандырып отырған дәрігерді өлім жазасынан босатып, араға он бес жыл салған соң, қанішер дәрігер абақтыда құсадан өлген.

Чикаго қаласының белгілі мырзасы Лейтер өзінің қызының тағдырына алаңдап көріпкелге алып келіп болашағын сұрайды. Қызыңыз шетелдік ақсүйекке тұрмысқа шығады, бай-қуатты болады. Бірақ өкініштісі тым ерте көз жұмады деген. Құдай тағала аян берді ме екен. Әлгі ақжағалы мырзаның қызы расында да Үндістанның вице-королінің ұлына тұрмысқа шығып, айықпас аурудан ұзамай көз жұмған.

Өзінің халықпен кездесуінде американдықтарға Хейро: Құдай тағаладан белгісіз желі арқылы жұмыр жер бетінде не болып жатқандығын біліп түйсініп отыратындығын сонымен қатар алдында отырған кез-келген адамға оның тағдырын тура айтатындығын, айтқанда аузына келгенде іркіп қалмайтындығын айтып жұртты таң қалдырады. Тіпті кім білсін, алдына кедей-кепшіктер, жарлы-жақыбайлар көптеп келіп, көріпкелден көмек сұрап, қалай баю керектігін өтініш қылса керек. Атақты көріпкелдің кеңесінен кейін кейбіреулердің жолы ашылып, қызметтері де өсе бастаған.

Король Эдуард VІІ Хейроны өзіне алдыртып, өзінің қалай өлетіндігін, өлмеудің жолын айтуды өтініп, қызметіне жүгінген. Бірақ көріпкел «корольдің өмірінде екі 6 және 9 сандары өте қауіпті» деген. Айтқаны тура келеді, король алпыс тоғыз жасында кенеттен қайтыс болады. Тіпті корольдің өлетін күніне дейін тура айтқан «1902 жыл, сіз үшін өте қауіпті, байқаңыз»,- деп ескерткен.

Бельгиялық король Леопольд ІІ Хейроға келіп ақыл-кеңес алып, болашағына деген қорқынышы бар екендігін айтып, алда не күтіп тұрғандығын сұрайды. Сіз алаңдайтындай ешқандай қауіп жоқ, қатерден бәрінен аман боласыз, дейтұрғанмен ішкі құрылысыңыз ауырады екен деп жұмбақтап жауап берген. Айтқанындай король ішкі ағзасындағы бауыр мен асқазаннан ауырып дүние салған.

Ең қорқыныштысы Ресейдің соңғы патшасы жайлы болжамы. Оны сұмдықтар күтіп тұр, қорқынышты өлімнің дәмін татады, сөйтіп ол қандышелек уақытты бастан кешіріп Русь еліне ие бола алмай, 1917 жылы толыққанды тағынан айрылып, қанішерлердің қолынан отбасымен қаза тауып, Романовтар династиясының патшалығы аяқталып, орыс революциясы жеңіске жетеді.

Атақты Г. Распутиннің өзі келіп Хейроға болашағын болжатқан деген ел аузында әңгіме бар. Распутинге: «сенің қолыңда үлкен билік бар, масаттанып жүрсің, адамдарды ойыншық қылып, тағдырын талқандап жүр екенсің, сенің өміріңнің соңы қорқынышты аяқталады» деп қысқа ғана жауап беріпті.

1894 жылы Англияның атақты фельдмаршалы Китченера Хейро көріпкелді іздеп келіп, мықты болсаң, құдаймен тікелей тілдесе алсаң, менің өмірімді болжап берші деп мысқылдап сұрақ қойыпты. «Сен Ұлы Жаратушының арқасында әскери жетістіктерге жетіп, жұлдызың жанып тұр екен. Болашағыңда қатты қателесіп, ажалды шағын ғана көлшіктен табасың» деген.

Ал фельдмаршал сенбей, турасын айтшы қай жылы сақтанып жүрейін деп рақаттанып күледі. 1916 жылы деп қысқа ғана жауап беріпті. Айтқанындай Ресейге келе жатқан кеме жағалауға жете бергенде қаскөйлердің қойған жарылғышынан фельдмаршал қаза табады.

Хейро саясаткер болмаса да өз еліндегі парламенттің жеңісі жайлы үкіметтің экономикалық тұрғыдан әлсіреуін де алдын-ала болжап отырған. Тіпті қандай партияның жеңіске жететіндігін де саясаткерлердің бармақ бастылығы жайлы да достарына айтқан деген әңгіме бар.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың болатындығын, Совет үкіметі мен Германияның соғысатындығын, қаншама адамның қаны судай ағатындығын, үрейлі кезеңдердің келе жатқандығын болжаған деген тың деректер бар. Қытайда азаматтық соғыс өрті болатындығын да болжаған. 1927 жылы өзінің болжамдары жайлы арнайы кітап шығарған, бірақ белгілі себептермен бұл кітаптар жойылып, жоғалып кеткен дейді зерттеушілер. 1930 жылы Голливудқа келіп, сценарист болып қызметке тұрады. Оның бір ғана туындысы Калисостра деген атпен жарық көреді. Сонымен қатар метафизикалық негізде жазған мектепке арналған оқулық құрастырған екен, көріпкелдік қасиетімен бірге шығармашылықпен де айналысқан. 1936 жылы Хейро көріпкел дүние салады.

Р.S. Қазақта да атақты көріпкелдер болған. Мысалы Мөңке бидің болжамы жайлы жиі айтамыз. Бұл жайлы алдағы уақыттарда басылымға бере жатармыз. Көрікпелдік қасиет пе, жоқ әлде жаратушы Тәңірден берген пендесіне сыйы ма, бұл жағын білмедік. Қасиетті Құран кәрімде «сен ешкімнің болашағын болжауға құқығың жоқ деген, өйткені ол тек Аллаға ғана мәлім» деп тұжырым жасаған. Қазіргі ақпарат бетінде «Пәлен деген көріпкел бар» деп жарнамасы жер жарып жатады.

Көріпкелге сіз сенесіз бе? Өз басым тағдырды жазатын Алла деп білемін. Алланың жазғаны болар деймін. Жалпы адамзаттың дәуірінде талай-талай көріпкелдер болған. Ал енді атақты Ванганы бертінгі тарих зерттеушілер ол КГБ-ның қолдан жасаған сәуегейі деп жарыса жазуда. Әлемге аты мәшһүр Нострадамус жайлы да түрлі ақпараттар жарық көруде. Әлде шынымен бойына қасиет қонған адамдар он сегіз мың ғаламды жаратушы Алланың жер бетіне жіберген ерекше пендесі ме, бұл жағы тағы да жұмбақ.

Оқырманға ескерте кетейік, орыс тілінде жазылған аталмыш кітаптың авторының тілі жұтаңдау екен. Кәдімгі цифр және нақты архивтік құжаттарды келтіре отырып жазылғандығы көрініп тұр. Әлемде талай қызықтар бар. Сол қызықтарды оқитын оқырмандарымыз да бар. Құрма ағашын жаратқан құдай, тікенді де жаратқан демекші, тылсым күшке ие болған т.б. атақты көріпкелдер, танымал тұлғалар жайлы бұл кітапта жақсы баяндалған. Аударып сіздерге жеткізіп отырмыз.

Н. Непомнящийдің «Великие пророки современности» кітабынан аударған Жеңіс Оспанов.

- Advertisement -spot_imgspot_img
Жеңіс Оспанов
Жеңіс Оспанов
Жеңіс Серібайұлы Оспанов бұрынғы Фрунзе, қазіргі Абылай-хан ауылында қарапайым отбасында 1984 жылы 9 мамыр күні дүниеге келген. Орта мектепті тәмәмдап он тоғыз жасынан бастап "Бурабай" аудандық қоғамдық-саяси газетінде тілші болып қызметін бастаған. Қазіргі таңда "Бурабай" газетінің редакторы. Әңгімелері әр басылымдарда жарық көріп келе жатыр. Ақмола облысы әкімінің "Алғыс хаты" және әр түрлі байқауларда проза жанры бойынша жүлде алған. Өзекті тақырыптарда мәселе көтеріп жазып жүр. Көбіне тарих, ауылдағы ескі әңгімелерді жинақтап басылым беттеріне жариялайды.
Latest news
- Advertisement -spot_img
Related news
- Advertisement -spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here