20.4 C
London
Сәрсенбі, Қыркүйек 27, 2023

«Казгер-кус» жұмыртқасы «халал» ма?..

- Advertisement -spot_imgspot_img
- Advertisement -spot_imgspot_img

Өзіміздің өңірге жақсы танымал «Казгер-кус» фирмасының жұмыртқасын барлығымыз тұтынамыз. Бүгінгі «түскі асқа» жұмыртқа қуырған танысым сурет жіберіпті.

«Мынау жұмыртқаға ұқсамайтын не пәле, жиіркенішті өзі»,-дейді ол.

Расында да жұмыртқа пішіндес беймәлім дүниеге (суретінен көріп) өзім де жиіркендім.

Бір қызығы аталмыш фирма Біржан сал ауданына қарасты Степняк қаласынан шығып жатыр екен. Ал сыртқы формасында «Казгер кус» деп жазылған дейді тұтынушы. Мемлекеттік тілдегі мөрі қайда?

Басқа елдің емес-өзімізден шығып жатқан бұл өнімнің неге қазақша атаумен өндірілмей жатқандығына таң қалып отырған, қаракөздеріміз өткенде бізге хабарласқан болатын.

Қазақтың ақшасы жақсы да, тілі екінші сорт па, тілді сыйламаса, өнімі мынандай болса, білмедік, алдағы уақытта «тауық асырып» таңымызды дұрыстап атырамыз ба?

Әйтпесе кім білсін, әйтеуір мына суреттен кейін «Казгер-кус» өніміне күдіктенетін болдық. Тілі ресми тілде болса, өзі де сол жақтан келіп жатыр ма екен!?

- Advertisement -spot_imgspot_img
Жеңіс Оспанов
Жеңіс Оспанов
Жеңіс Серібайұлы Оспанов бұрынғы Фрунзе, қазіргі Абылай-хан ауылында қарапайым отбасында 1984 жылы 9 мамыр күні дүниеге келген. Орта мектепті тәмәмдап он тоғыз жасынан бастап "Бурабай" аудандық қоғамдық-саяси газетінде тілші болып қызметін бастаған. Қазіргі таңда "Бурабай" газетінің редакторы. Әңгімелері әр басылымдарда жарық көріп келе жатыр. Ақмола облысы әкімінің "Алғыс хаты" және әр түрлі байқауларда проза жанры бойынша жүлде алған. Өзекті тақырыптарда мәселе көтеріп жазып жүр. Көбіне тарих, ауылдағы ескі әңгімелерді жинақтап басылым беттеріне жариялайды.
Latest news
- Advertisement -spot_img
Related news
- Advertisement -spot_img

3 COMMENTS

  1. Степняктан шығатын болса тілімізді сыйламаса ел болып » байкот»жариялау керек. Автор молодец. Қазір барып бұны барып қазір алайын да видеоға түсіріп жіберейін. Рақмет автор!

  2. Жұмыртқаны халал деп шығарып жүрген молдалар ғой. Бұған казгерге краска береді екен. Өткенде сарысы -жап -жасыл болған. Сонда көрдім. Казгердің өнімін алмау керек негізі. Қазақ тілін менсінбесе

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here