-8.7 C
Kokshetau
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023

Қоқыс жиналып, көшелерің қашан жөнделеді, Көкшетау?

Әкімге сауалҚоқыс жиналып, көшелерің қашан жөнделеді, Көкшетау?

Қазақта «Жол азабы – жан азабы» деген аталы сөз бар. Бұрын аталарымыз айтып кеткен сөз бүгінгі күні өзектілігін жоғалтқан жоқ. Тіпті, шындыққа айналып отырғандай. Бұған талайға тауқымет тартқызып, талайды азапқа салған Көкшетау қаласының ойдым-ойдым көшелері айқын дәлел. Қаланың тысқары шағынаудандарын айтпай ақ қойса да болады, дәл орталығындағы Центральный шағынауданындағы  тұрғын үй аулаларындағы шұрық-тесік жол мен тау-тау болып жатқан қоқыс көрген адамның көңіліне қаяу түсіреді.

Астаналық облыс орталығы Көкшетауда көктем мен күз мезгілінде қар ерісе немесе нөсерлетіп жаңбыр жауса, жолдың үсті әп сәтте лайлы балшыққа айналып, көлігіңді белшесінен батырып, қарға адым жер жүру мұң болатына кім сенеді. Көріп, жол азабын тартқан адам ғана сене алады.

Осыдан бірер жыл бұрын «Собачий хутор» арқылы өтетін Ғабдуллин көшесі «Шах» дәмханасы тұсынан Абылай хан көшесін қиып, Центральный шағынауданы арқылы Сырымбет дүкеніне дейін жалғасады деген еді. Содан бері біраз жылдың жүзі болды, әлі көшенің салынатын түрі. Керісінше, көше салынатын аумақты қаланың құрылыс компаниялары қоқыс алаңына айналдарып жіберді. Осының салдарынан қар және жаңбыр су өзінің табиғи ағысын жоғалтып, тұрғын үйлердің ауласына жиналуда. Бұл әрине, тұрғындардың жүріп, тұруына үлкен кедергі келтіріп отыр. Екінші жағынан қалаға экологиялық қауп төндіруде. Жаздыгүні қоқыстың арасынан шығатын жағымсыз иістің қолқаны қапқаны бір бөлек, құрғақ қамыс өртенсе тұрғындардың түтінге тұншығатыны сөзсіз. Қаланың орталығын осылай қоқыс полигонын айдалдыру әрине, қала басшылығына үлкен сын. Көзге түрпідей тиіп, қала тұрғындарына қолайсыздық келтіріп отырған осы мәселені облыс және қала басшылығы тез арада шешсе екен дейміз.

Сырым Өтенов, Көкшетау қаласының тұрғыны.

Сондай-ақ, оқыңыз...

1 Пікір

  1. Қаланың қазіргі әкімі мүлдем жұмыс істемейді. Құрғақ шөппен ауызды сүртуден басқа түк білмейді. Тіпті, керек десеңіз, осы Центральный микрорайонның сыртын саябаққа айналдырып жіберуге болар еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Ұқсас мақалалар

Тегтер бойынша оқыңыз:

Көп оқылған мақалалар