20.4 C
London
Сәрсенбі, Қыркүйек 27, 2023

Көпбалалы отбасынан жоғалған 9 жасар бала полицейлер елордадан тапты

- Advertisement -spot_imgspot_img
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ағымдағы жылдың 17 қазанында Целиноград ауданының полиция бөліміне 40 жастағы жергілікті тұрғыннан телефон хабарламасы келіп түсті, әйел сағат 13:00 шамасында оның 2013 жылы туған ұлы үйден шығып кетіп, полицияға хабарласқанға дейін оралмағанын айтты.

Әйел баланың жүйке жүйесінің ауруынан зардап шегетінін, 2 топтағы мүгедек екенін хабарлады. Жоғалған баладан басқа әйел тағы бес баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. 2018 жылы ол жесір қалған.

Ананың айтуынша, жоғалып кетпес бұрын ұлы үйдің ауласында ойнап жүрген, бұл кезде әйел кір жаю үшін бірнеше минутқа кетіп қалған, ал оралған кезде бала болмаған. Өз күшімен баланы таба алмағандықтан, кешкі сағат 17.00 шамасында полициядан көмек сұрады.

Целиноград АПБ қызметкерлері дереу баланы іздеуге кірісіп, оның белгілерімен бағдарлау бірыңғай дислокация жүйесіне тартылған полиция жасақтарына жолданды.
Жүргізілген іздеу іс-шараларының нәтижесінде шамамен кешкі сағат 19.00-де кәмелетке толмаған бала Астана қаласының Көктал шағын ауданынан табылды.
Балаға қатысты ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмағаны анықталды.

- Advertisement -spot_imgspot_img
Latest news
- Advertisement -spot_img
Related news
- Advertisement -spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here