More

    Көкшетауда «трамадол» дәрілік препаратын есірткі заттарының тізіміне енгізу мәселесі талқыланды

    Сондай-ақ...оқыңыз

    Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасының бастығы подполковник Виталий Гудименконың және аймақтың фармацевтикалық компаниялары мен медициналық мекемелердің өкілдерінің қатысуымен өткен кеңейтілген семинар-кеңесте Үкіметтің қаулысына сәйкес есірткі заттарының тізіміне енгізілген «трамадол» дәрілік препаратын сату мәселесі сөз болды. Аталмыш құжатта адам ағзасына күшті әсер ететін препаратты рецептсіз босатуға байланысты шаралар күшейтіліп отыр.

    Виталий Гудименконың айтуынша, биыл өңірдің есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасының полицейлері трамадолға қатысты 21 деректі тіркеген. Оның барлығында тиісті процессуалдық шешімдер қабылданды.

    Еске сала кетсек, ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 20 наурыздағы қаулысымен Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

    ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

    Пікіріңізді енгізіңіз!
    мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

    - Жарнама -spot_img

    Соңғы мақалалар