spot_img
More

    Көкшетауда краннан аққан судағы тіршілік иесі тұрғындарды шошытты

    Ауыз судағы белгісіз тіршілік иесі түсірілген кадрларды облыс орталығындағы Сабатаева көшесінің бойындағы көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғыны жергілікті БАҚ-қа жолдады.

    «Бізге қандай су берілетінін және не ішетінімізді қараңыздар, бұл әрине, сұмдық! Неліктен су дұрыс санитарлық тазартудан өткізілмейді? Бәлкім бұл паразиттер қандай да бір инфекция таратуы мүмкін. Бұл краннан аққан су, оны сүзгіден өткізгенде, осындай жағдайдың куәсі болдық», – деп бөлісті қала тұрғыны БАҚ-ғы жазбасында.

    Осы ретте, «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорнының мамандары аталмыш мекенжай бойынша пәтерге барып, судан сынама алып, талдау жасайтынын айтты.

    Тақырып бойынша мақала

    spot_img

    Соңғы мақала

    ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

    Пікіріңізді енгізіңіз!
    мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз