Police.kz мәліметінше, 5 сәуір сағат 11:50-де Көкшетау қаласы ПБ-ның кезекші бөліміне Әуезов көшесіндегі салынып жатқан үйдің аумағында мұнара кранының құлағаны туралы хабар түскен.
Оқиға салдарынан облыстық орталықтың 28 жастағы тұрғыны қайтыс болды.
Осы дерек бойынша полицейлер ҚР ҚК 277-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.