More

    Көкшетауда көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім қыз құтқарылды

    Сондай-ақ...оқыңыз

    Ақпарат 9 мамыр күні сағат 16:10 шамасында ЖБО-ға келіп түсті. Қоңырау шалған адамның айтуынша, танысы Абай көшесі, 135 мекен жайындағы көпқабатты үйдің төбесіне секірмек болып көтерілген, деп хабарлайды Koksheinform ҚР ІІМ телеграм арнасына сілтеме жасап.

    Оқиға орнына патрульдік полицейлер Бейбіт Садықов пен Әділхан Қойбағар дереу келді. Алғашқылардың бірі болып полицияның тірек пунктінде болған қызметкер Нариман Нұржаксин келді. Жағдайды бірден бағалаған полицейлер ойланбастан жоғарыға қарай жүгірді.

    12-қабатқа жеткен тәртіп сақшылары дереу шатырға көтеріліп, қыз балаға төмен түсуге көмектесті.

    Қазір полиция қызметкерлері 2009 жылы туған кәмелетке толмаған қызды осындай шарасыз қадамға баруға не итермелегенін анықтап жатыр.

    ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

    Пікіріңізді енгізіңіз!
    мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

    - Жарнама -spot_img

    Соңғы мақалалар