20.4 C
London
Сәрсенбі, Қыркүйек 27, 2023

Көкшетауда қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына үкім шығарылды

- Advertisement -spot_imgspot_img
- Advertisement -spot_imgspot_img

Көкшетау қаласында қаржы пирамидасы туралы резонанстық іс бойынша үкім жарияланды. «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастырған екі басшы әрқайсысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Осы қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары ақша қаражаттарын көбейту сылтауымен жәбірленушілерді, олардың ақшасын иемденді.

Іс бойынша 30 млн теңгеге жуық аса ірі көлемде материалдық залал келтірген 80 адам жәбірленуші деп танылды. Біздің сенімді азаматтарымыз пирамидаға 50 мың теңгеден бастап 1 млн теңгеге дейін қаржы салған.

Сондай-ақ, сотталғандарға коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан 7 жылға айыру түрінде қосымша жаза тағайындалды.
Жәбірленушілердің азаматтық талап арыздары қанағаттандырылды, сот үкімі бойынша сотталғандар жәбірленушілерге барлық ақшаларды қайтаруға міндетті.

Көкшетау қаласының прокуратурасы азаматтарды барынша сақ болуға және қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге шақырады.

Көкшетау қаласының прокуратурасы.

- Advertisement -spot_imgspot_img
Latest news
- Advertisement -spot_img
Related news
- Advertisement -spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here