More

    Көкшетау тұрғыны: Қаланың қақ төрінде осындай салақтықты көргенде жылағың келеді

    Сондай-ақ...оқыңыз

    Бұл туралы редакциямызға Центральный шағын ауданның тұрғындары хабарласып, жанайғайын жеткізді, деп жазды Koksheinform.

    Тұрғындардың айтуынша, Центральный шағын ауданында, Абылай хан көшесі мен Ғабдуллин көшелерінің түйісер тұсынан бастап, ескі зират пен Жансая тұрғын үй кешені аралығын қалың қамыс басып кеткен. Қураған қамыстың арасы күл-қоқысқа толы.

    «От тиіп кетсе, мына жерден түк қалмайды. Қурап тұрған қамыстың биіктігі адам бойынан асады, арасында не жоқ. Тіпті, қаңғыбастар мен маскүнемдер де осы қамыстың ортасын тұрақты мекеніне айналдырып алған. Орысша айтқанда, «полная антисанитария». Қаланың қақ төрінде осындай салақтықты көргенде жылағың келеді. Әкімдер қайда қарап жүр? Қаланы әбден шашып бітірді. Бұл жерде жол дегенің мүлдем жоқ. Бетін аулақ қылсын, бірдеме бола қалса, жедел жәрдем, өрт сөндіру техникасы өте алмайды. Қанша тұрғын үйлер тұр, жаңадан салғандары да бар. Мүлдем жарық жоқ. Қараңғы қапаста тұрғандаймыз. Балалар үшін өте қаупті. Кішкентай балалар осы қамыстың арасымен мектепке қатынайды», – деп жанайғайын жеткізді қала тұрғыны Сырым Өтенов.

    Еске сала кетейік, өткен жылы Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса журналистермен өткен брифингте аталмыш аумақта демалыс саябағын ашу жоспарда барын айтқан еді.

    Әкім өз сөзінде, бұған тұрғындар тарапынан белсенділік керек деген еді. Қазіргі таңда тұрғындар демалыс саябағы аймағы салынатынын күнді тағатсыздана күтуде.

    ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

    Пікіріңізді енгізіңіз!
    мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

    - Жарнама -spot_img

    Соңғы мақалалар