-8.7 C
Kokshetau
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023

Көкшетау әкіміне сауал: қаланың орталығындағы маскүнемдер мен қаңғыбастардың «саябағы» қашан ретке келтіріледі?

Әкімге сауалКөкшетау әкіміне сауал: қаланың орталығындағы маскүнемдер мен қаңғыбастардың «саябағы» қашан ретке келтіріледі?

Көкшетау қаласындағы Әуелбеков және Сағдиев көшелерінің қиылысында, «Сәтті» сауда үйінің жанында қоршалған жер телімін маскүнемдер мен қаңғыбастардың «саябағы»  деп атамасқа амалың жоқ.  Бұл жер телімінің қоршалып тұрғанына ұзақ жыл болды. Іші ну орманға айналып кеткен бұл жерді маскүнемдер мен қаңғыбастар өздерінің тұрақты мекеніне айналдырып алғанына біраз жылдың жүзі болды.

 

«Бұл жерге әкімдіктегілер де, жер жетпегендей тұрғын үйлердің қуыс-қуысына үй салуға әуес құрылысшылар да жоламайды. Неге екені белгісіз? Бәлкім, бір дөкей иесі, не бір киесі болуы мүмкін», – дейді қала тұрғыны Ерқанат Жайсан.

Расында да, облыс орталығының сұрқын бұзып тұрған осындай нысандар жетерлік. Қала басшылығы көрген адамның көңіліне қаяу түсіретін осындай нысандардың иесін анықтап, заң аясында неге бір жөнге келтірмеске?!.

Сондай-ақ, оқыңыз...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Ұқсас мақалалар

Тегтер бойынша оқыңыз:

Көп оқылған мақалалар