Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының жұмысындағы басым бағыттардың бірі заңсыз берілген жерлерді мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылдау болып табылады.
Осыған орай, Көкшетау қаласының прокуратурасы тұрақты негізде жер заңнамасының сақталуына тексеру жүргізеді. Осы ретте, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағына сәйкес осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және пайдалануға берілмеген жер учаскелерін ұсыну немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру аукционда жүзеге асырылады.
Тексеру қорытындысы бойынша Көкшетау қалалық әкімдігі аукцион жүргізбестен кіреберіс жолдарға қызмет көрсету үшін 94,6 га аумағымен жер учаскесіне уақытша өтеулі пайдалану құқығын бергені анықталды.
Көкшетау қаласы прокуратурасымен уақтылы қабылданған шаралар нәтижесінде кадастрлық құны 223 миллион теңгеден астам жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Көкшетау қаласының прокуратурасы.