Көкшетау қалалық сотында үш азаматтық іс бойынша тараптар өзара келісім арқылы эксаумақтық соттылықты таңдап, осы соттылықты қолдану туралы өтініштерін білдірді.
Сот АПК-нің 32-бабына сәйкес, істерді басқа өңірлерге жолдады.
IT-жүйесі, жұмысбастылық пен мамандандыру мәселелерін ескере отырып, осы істерді автоматты түрде республика соттарының арасында бөліп берді:
1) мәмілені бүркемеленген деп тану туралы талап арыз Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотына бөлінді.
2) оқу уақытына алименттерді өндіріп алу туралы талап арыз Астана қаласының Байқоңыр ауданының сотына бөлінді.
3) «Евразия» Сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамына сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талап арыз Алматы қаласы Әуезов ауданының № 2 аудандық сотына бөлінді.
2022 жылдың 1 тамыздан АПК-нің 32-бабындағы өзгерістер қолданысқа енгізілді, оларға сәйкес, тараптар өзара келісім бойынша эксаумақтық соттылықты таңдай алады.
Эксаумақтық соттылықты қолдану тек екі тараптың келісімі болғанда ғана мүмкін. Бұл үшін, істі сот талқылауына дайындау барысында тараптар сотқа эксаумақтық соттылықты қолдану туралы өздерімен қол қойылған өтінішхат жолдайды.
Заңның осы нормасын қолдану республика соттарына жүктемені біркелкі бөлінуіне әсерін тигізіп, сот жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі тиімді құралына айналады.
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.