-8.7 C
Kokshetau
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023

Көкшетауға ірі көлемде есірткі затын әкелген 44 жастағы күдікті қолға түсті

ОқиғаҚылмысКөкшетауға ірі көлемде есірткі затын әкелген 44 жастағы күдікті қолға түсті

Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығының тұрғыны Көкшетау қаласының аумағында есірткі заттарын өткізумен айналысатыны туралы ақпарат алды.

«Қарасора-2022» республикалық ЖПІШ шеңберінде ұстау операциясын жүргізу барысында арнайы бөлімшені тарта отырып, Көкшетау қаласына кіру жолында жедел уәкілдер 44 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы автокөлікті тоқтатты.

Аталған автокөлікті рұқсатсыз тінту барысында жолаушылар отыратын артқы орындықтан жалпы салмағы 2 келі 768 грамм гашиш есірткі заты бар үш полиэтилен пакет салынған спорттық сөмке табылып, тәркіленді. Оған қоса электрондық таразылар табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта есірткімен күрес полицейлері есірткі затын сатып алу орнын белгілеу бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Осы фактіге сәйкес ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі «Өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ, оқыңыз...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Ұқсас мақалалар

Тегтер бойынша оқыңыз:

Көп оқылған мақалалар