-8.7 C
Kokshetau
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023

Үйлері өртенген қостанайлықтар баспаналы болды

Өңірлер тынысыҚостанай облысыҮйлері өртенген қостанайлықтар баспаналы болды

Қостанай облысында орман өрттерінен зардап шеккендер аймақ басшысының қолынан жаңа үйдің кілтін алды.

Қысқа мерзімде салынған үйлер бірыңғай архитектуралық стильде жасалған. Тұрғын үйлердің әрқайсысы жалпы ауданы 100 шаршы метр болатын төрт бөлмеден тұрады. Жаңа үйлер 12 мердігер ұйымның күшімен бір жарым айдың ішінде салынды. Құрылысқа үкіметтік резервтен екі миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.

Жаңа үйдің иесі Орынбасар Молдақыш 18 жыл тұрған үйінен бір түнде айырылғанын айтады. Ол үйінің өртенгенін қалада жүргенінде білген. Жаңа үйдің кілтін алған оның бүгін күні қуанышында шек жоқ.

«Осындай қиын жағдайға тап болған кезде біздерге көмек қолын созған Мемлекект басшысына алғысымыз шексіз. Президент өзі келіп, біздермен кездесті және жағдайымызды өз аузымыздан сұрап білді. Екі айда үй салуға және барлық шығындарды өз мойнына алуға уәде берді. Бүгін сол уәде орындалды», – дейді қуаныш иесі.

Айта кетсек, қыркүйек айының басында Қостанай облысы аумағында болған орман өртінен Әулиекөл ауданында 91 тұрғын үйге үлкен залала келген еді.

Сондай-ақ, оқыңыз...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Ұқсас мақалалар

Тегтер бойынша оқыңыз:

Көп оқылған мақалалар