-9.6 C
Kokshetau
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023

Электр сымдарының қысқа тұйықталуына байланысты жүзден астам адам эвакуацияланды-Көкшетау

ОқиғаЭлектр сымдарының қысқа тұйықталуына байланысты жүзден астам адам эвакуацияланды-Көкшетау

2023 жылғы 06 қаңтарда сағат 09:44-те «101» пультіне Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің  алтыншы қабатында өрт шыққандығы туралы телефон хабарламасы келіп түсті, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

«Оқиға орнына келген бойда электр розеткасының қысқа тұйықталуы орын алғаны белгілі болды. 9 сағат 50 минутта бұл қысқа тұйықталу осы объектінің қызмет көрсетуші персоналымен жойылған. Шақырту орнына ТЖД-нің жеке құрамынан 54 адам және 12 бірлік техника жіберілді. Бұл жерден 113 адам өзін-өзі эвакуациялады. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ», – деді Көкшетау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Максим Шатковский.

Ақмола облысының ТЖД-і өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда «101» немесе «112» нөміріне қоңырау шалыңыздар.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, оқыңыз...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Ұқсас мақалалар

Тегтер бойынша оқыңыз:

Көп оқылған мақалалар