spot_imgspot_img

«Индрайвер» такси

Date:

Бастапқыда «Индрайвер такси» шыққанда шыны керек шынымен қуандық. Алғашқы баға 1000 теңгеден болды. Жолаушы үшін қалтаңызды соншалықты соқпайды. Жекеменшік таксистер шыққаннан кейін қала мен қаланың арасында жүретін автобустар да жұмысын тоқтатты. Жарайды. Үйден алып, баратын жеріне дейін жеткізіп салатын қолайлы көлік кімге болсын икемді.

Ал енді күн сайын такси болушылардың бағасы да шарықтап шыға келді. Мысалы, Щучинск-Көкшетау бағытында жүретін таксидің бағасы -2000 теңге. Екі адам баратын болса -4000 мың. Жарайды бұған да көнейік. Ал бірақ осы такси айдаушылар «көлігімде адам отыр, қауіпсіздігіне мен жауаптымын ғой» деген ой қаперлеріне кіріпте шықпайды. Алды -артына қарамай ызғытып, жүйткіп отырады.

Көбіне жас жігіттер. Жол бойы бара жатқан жағынан кісі іздейді. Айтсаңыз. Ашуланатындары да бар. Бір кішкене қалташа сәлемдеме берсеңізде бір адамның құнын сұрайды. Жарайды сұрасын. Міне кеше қар жауды ресейлік нөмермен әр қаладан кісі тасып шапқылап жүр, дөңгелектерін ауыстырып үлгермеген.

Былтыр қаңтар оқиғасы газ бағасының қымбаттауынан шықты. Қазіргі автокөліктердің көпшілігі көгілдір отынмен жүреді. Өз басым «индрайверге» тапсырыс бергенде ресейлік нөмері бар көлікке және барынша қатты жүретіндерге отырмаймын. Маған өмір қымбат.

Сіз «индрайверге» көмегіне жүгініп жүрсіз бе?

Жеңіс Оспанов
Жеңіс Оспанов
Жеңіс Серібайұлы Оспанов бұрынғы Фрунзе, қазіргі Абылай-хан ауылында қарапайым отбасында 1984 жылы 9 мамыр күні дүниеге келген. Орта мектепті тәмәмдап он тоғыз жасынан бастап "Бурабай" аудандық қоғамдық-саяси газетінде тілші болып қызметін бастаған. Қазіргі таңда "Бурабай" газетінің редакторы. Әңгімелері әр басылымдарда жарық көріп келе жатыр. Ақмола облысы әкімінің "Алғыс хаты" және әр түрлі байқауларда проза жанры бойынша жүлде алған. Өзекті тақырыптарда мәселе көтеріп жазып жүр. Көбіне тарих, ауылдағы ескі әңгімелерді жинақтап басылым беттеріне жариялайды.