spot_img
More

    Имамнан сұхбат алғаным үшін айыппұл төледім-журналист

    Бұл туралы солтүстікқазақстандық журналист Руфия Мустафина әлеуметтік желіге жанайғайын айтып, пост жазды. Журналист әрі Петропавл қалалық  мәслихатының депутатының сөзінше, ол облыстың бас имамы Хамзат Әділбековтен Құрбан Айт мерекесі туралы алған сұхбаты үшін айыппұл төлеген.

    «Бәріңе сәлем. Менің атым Мустафина Руфия. Мен Петропавл қаласының депутатымын және журналистпін. Солтүстікте имамнан сұхбат алғаным үшін айыппұл төледім.. Құрбан Айт туралы сұхбат алдым. Бұл Қазақстанда болады деп ешқашан ойламадым.

    Мен қазір қазақ тілін үйреніп жатырмын. Менің ана тілім болғандықтан қазақша сөйлегім келеді. Сондықтан қателіктер болса кешірім сұраймын», – деп жазды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында.

    Сонымен бірге, ол осы іске байланысты жақын күндері сотқа апелляциялық шағым түсіретінін де айтты.

    «Призываю всех казахстанцев с уважением относится к ценностям и праздникам Казахстана. Буду публиковать наши дальнейшие действия. В ближайшее время планируем подать апелляционную жалобу», – деп түйіндеді ол.

    Бұдан бұрын «СҚО бас имамының ойлағаны не?Алдымен журналистке сұхбат беріп, артынша сотқа берген» тақырыбымен мақала жариялаған едік.

    Бурабайдың Жеңісі
    Бурабайдың Жеңісі
    Жеңіс Серібайұлы Оспанов бұрынғы Фрунзе, қазіргі Абылай-хан ауылында қарапайым отбасында 1984 жылы 9 мамыр күні дүниеге келген. Орта мектепті тәмәмдап он тоғыз жасынан бастап "Бурабай" аудандық қоғамдық-саяси газетінде тілші болып қызметін бастаған. Қазіргі таңда "Бурабай" газетінің редакторы. Әңгімелері әр басылымдарда жарық көріп келе жатыр. Ақмола облысы әкімінің "Алғыс хаты" және әр түрлі байқауларда проза жанры бойынша жүлде алған. Өзекті тақырыптарда мәселе көтеріп жазып жүр. Көбіне тарих, ауылдағы ескі әңгімелерді жинақтап басылым беттеріне жариялайды.

    Тақырып бойынша мақала

    spot_img

    Соңғы мақала

    2 ПІКІРЛЕР

    1. Мәссаған Имамнан сұхбат алмау керек қой. Ай журналистер байқаңдар енді. Уят ай. Уят екен. Қызды шырылдатқаны.

    2. Имамдар иманды болғаны абзал. Кез келген жағдайға байыппен қарап, дауды ақылмен шешуі керек емес пе? Сотқа жүгінгені несі?! О, Алла тағалам обал мен күнәдән жұрдай дін басылардан сақтасын.

    ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

    Пікіріңізді енгізіңіз!
    мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз