(Эссе)
Тәңір жарылқасын!
Алла жар болсын! Істеген амалы, жасаған жақсылығы адамнан қайтпаса, аруақ пен құдыреті күшті Алладан қайтсын. Мына иен дала, Дешті Қыпшақтың табаны тиген, ұлылардың, ұлықтардың, ел үшін, ертеңі үшін, жұрағаты үшін ат үстінен табылып, жортуылды күн кешкен баһадүр бабаларымыздың рухы жебесін! Алла жар! Иә, сонымен Көкшетау шаһарынан шығып елге бет алдық, Кенесары ауылының тұсына жақындай бергенде артқы жақта ойға шомып отырған үлкен кісі әлқисасын былай бастады.
«Жарықтық хан Абылайдың мекен еткен, Ақ бурасы шөккен киелі өлкені қай топырағын бассаң да аңыз, әңгіме»,-деді.
Тілімізді тістеп, үнсіз қалдық, мазасыз әуеннің үні өшті, таксист болып нәпақа тауып жүрген жігіт, сірә жақсы әңгімеге құмар білем, оң құлағын тосып, клиент болып отырған ақсақалдың әңгімесін тыңдады. Жақсы әңгіме айтатын, қартымыз сиреп, күнделікті күйбең тіршіліктің сарынына түсіп кеткендіктен кейде жасыратыны жоқ, қарынымыз ашып, үлкендердің аузынан шыққан лепеске үңілеміз. Баяғы бостекі әңгіме анау да, мынау күнкөрістің көрінісі одан басқа арғыны айтып, бергіні тиек етер жайымыз кем. Мына кең дала, шалқар көл, сұңғат сұлулыққа ұйыған Бурабай кімді тамсандырмай жатыр. Бабалар рухының алдында өзім, басымды қасиетті қара жерге жеткенші иіліп тұрып тағзым етемін, бұл дала, күйге -тиек, әнге -арқау, ақынның жырына мадақ болған киелі мекен, қасиетті дала ғой…
Қария сөйлеп отыр, жасы жетпістен асып кеткен адам. Ұстаз болыпты тарих пәнінен. Санамызды советтік идеялогиямен улап, ұлық мінезді ұлыларымызды екінші тарапқа тастап адасып жүріппіз, аруағы кешірсін бізді. Жарайды, ол заман алты қырдың ар жағында қалды. Алла енді тәуелсіздігімізге нығмет берсін!-деп күбірлеп алақанын жайып дұға етті.
Міне, рухты азаматтың хұсни тілегі, тәңірден құдыреті күшті жаратушы иемізден тілеген аға буынның лебізі, рөлін қоя беріп, есті жігіт те көлігін тежеп, алақан жайып бет сипады. Маңғаз дала, сағымы ойнаған, көгілдір Көкшенің ұшар басы мұнартып көрініп, көздің жауын алады, үнсіз қарадым, ойға шомдым. Кеше Зеренді ауданына қарасты Қазақстан ауылына барып қайттым,-деп әңгімесін жалғастырды қария. Қарақалпақ тауының етегінде ұлы Абылайдың баласы Уәли ханның кесенесіне жатқан жеріне барып аят оқып, күні бойы отырдым, шырылдаған шегіртке, сыңсыған жел, сәруәр самалға кеудемді тостым. Табиғаты қандай, құшырлана жұтқан сайын, көкірек көзім ашылып, жан сарайыма Көкшетаудың ауасы ұйып, бір жасап қалдым,-деді. Тағы да үнсіз қалдық. Жүйткіп келе жатқан жүйріктің адымы алғыр екен, әп-сәтте Бурабай ауданына жақындаған сайын даланың тарихын көкірегіне жинаған қарияның аузына телміріп отырмыз. Уәли ханның қорымына бардым… Барып тәу еттім, жақсының тұяғы ғой,-деп сөзін жалғастырды. Иә, бұл мазарды жөндеп отырған Борис Борисович Козлов дегенді естіп, иманды азаматпен тілдесіп, сұхбаттасып, сырласқым келді атам айтатын сұрапыл мен сұмдықты бастан кешірген, баяғыда 1941-1945 соғысында бірге болған, қарулас достарымның барлығы «тамырым» деп, қазақтың мәдениеті мен тарихына зер салып жүрген «тамыр азаматқа» алғыс айтқым келді,-дейді.
Осы сәтте анамның сөзі есіме түсті. Баяғыда Қарақалпақ тауының етегінде Уәли-хан деген хан жатыр деп айтып отырушы еді әкелеріміз дейтін. Баламыз ғой, мән беріп, құлақ салмайтынмын. Бұның тарихы былай: Уәли хан қайтыс болғаннан кейін, қасиетті Түркістанға апармақшы болып жолға шығады. Күн ыстық болса керек. Тамылжыған дала, жоқтау айтқан, қаралы көш жолға шығып, осы Қарақалпақ тауының етегіне келіп тізгін тежейді. Қапыста қайтыс болған ханның мәйітін Түркістанға жеткізіп, жамбасын түркінің қасиетті жеріне тигізу. Ақыры, басбілгілердің ұзақ кеңесінен кейін, хан мүрдесін осы жерге жерлепті. Ол кезде аю адам етіне жерік болыпты-мыс. Хан мәйітін қырық күн қарауыл күзетіп, ас-дұғасын беріп, қаралы көшін осы жерге тоқтатып, кері қайтыпты. Бертін ғой, совет үкіметінің айтқанымен тың игеруге келгендер ханның басындағы тасын қопарып, тіміскілеп, алтын іздеген һәм қабір бұзған. Уақыт өте келе еліміз егемендік алды. Өшкен жанды, өлген тірілді. Дешті қыпшақтың кең даласына қалғып кеткен бабалар рухы оянып, көне күмбез, кесенелер қалыпқа келіп жатқан тұста, көкшетаулық жазушы «иманды болсын» Естай аға Мырзахметов т.б зиялылар қауымының бастамасымен, ізденуімен Уәли ханның кесенесі жаңартылды.
Бүгінде тарихи ескеріткіш ретінде Зеренді ауданында тұр. Аталмыш ескеріткіштің бой көтеруіне ат салысып жүрген меценат зеренділік, жаны мен тұла бойы алаштың баласы деп соғып жүрген, болмыс, бітімі, рухы бөлек Борис Борисович Козлов. Өткенде, фейсбуг парақшасына Абай Ескедіров деген ағам; Бәкеңді –Ақ Барыс деп жақсы ат қойды. Қазақтың Ақ Барысы. Иә, ғажап ат! Атынан айналайын Бәкеңнің болмыс-бітімі бөлек әңгіме де, қазаққа деген махаббаты, ізгілігі, кішілігі, рухы бөлек тақырып. Жаны ауырған, тәні сыздап, ем-домға қаражаты жете алмай жатқан жандардың барлығына көмектесіп, құдайдың берген несібесін бөлісіп, еліміздегі барлық мейрамды тойлап, отбасымен көкшетаулықтардың атынан алты алашты құттықтап жататын Бористің азаматтығы мен ар алдындағы, халық алдындағы жауапгершілігі бір төбе. Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысың деп отырып, өзімізше ой қозғағанды жөн көрдік.
Дешті Қыпшақтың кең даласы, ұлы Абылайдың қырық сегіз жыл бойы хандық құрып, орта жүз қазақтың астанасы болғанның бәріміз білеміз. Өйткені тарих дейтін көне сахнаның төркіні із салып, қуаласаң тура – соған апарады. Иә, Есағамыз бастаған тарихи орынның бүгінде кең-байтақ еліміздің әрбір өңірінен келген адамдардың іздеп келіп, ұлы ханның баласының басына келіп тәу етеді. Тілі басқа болса да, тілегі бір, діні басқа болса да жүрегі бір Бәкең жайлы ізденіп, ол жайлы материалдарды қарап шықтым. Атынан айналайын азаматты бастысы халқы жақсы көретінін көрдім. Қазақстан деген (Зеренді ауданына қарасты) алпысқа жуық түтіні бар ауылдың барлығы Борис Борисович жайлы оң пікірде, жақсы көзқараста. Жаз болса тасаттық беріп, қыс болса жем-шөбімізді жеткізіп, қарттар күні сыйлығымызды беріп, әз Наурызды тойлап, қызына қазақша үлгіде киім кигізіп, өзі шапанымызды киіп алып, ортамызға келіп, жақсы сөзімен, жарым лепесімен бөлісіп жатқандығы тұлғалы азаматқа тән қасиеті ғой,-дейді қариялар.
Ақкөл ауылында үй өртенді Ақ Барыс көмектесті,
Күні кеше, Ұлы Отан соғысының -76 жылдығына байланысты тылда еңбек еткен қарттарға кіріп шығып, әрбіреуінің батасын алып қаржылай қол ұшын берген тағы да -Ақ Барыс.
Уәли-ханның мазарын жөндеп, айналасын қоршап, заманауи талапқа сай қылып қойған тағы – Ақ Барыс. Тізе берсек, іздене берсек, Борис Борисович Козлов жайлы үлкен көлемді еңбек жазуға болады, халықтың батасы, дертіне ем таба алмағандардың алғысы, үлкендердің рахметі мен хұсни тілегі.
Шынымды айтсам: арзан мен қымбатты, жақсы менен жаманды айыра білген азаматтың сүбелі, сүйекті істеріне сүйсініп қана қоямыз. Неге жазып айтпаймыз игілікті істерін!
Тәңір жарылқасын!
Алла жар болсын! Ақ Барысқа һәм Борис Борисовичке!.. Ұлы Абылайдың аруағы қолдап, қазақтың кең даласына қамқор болса, бұл азаматты бабалар рухы қолдасын!
Әумин!
Сонау оңтүстіктен келіп ойымызды қозғаған ағаның әңгімесін өзімше өрдім. Меценат жайлы жазғым келді. Жазғанымыз дұрыс ел білсін, ел біледі. Ердің ерлігі азаматтығы бұл үлкен сауап!
Сауапты іс жасап жүрген Борис Борисович Козловқа мың алғыс!
Жасай беріңіз Көкшетаудың – Ақ Барысы!