More

    Халықаралық «Сәлем» комедиялық қойылымдар байқауының қорытындысы: үздік театрлар анықталды

    Сондай-ақ...оқыңыз

    Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың 125 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Халықаралық «Сәлем» комедиялық қойылымдар байқауы мәресіне жетті!

    Театр ұжымдары төмендегідей номинациялармен марапатталды:

    «Үздік дебют» номинациясымен-  Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры»
    «Пранк-Махаббат» комедиясындағы  Қымбат рөлі үшін — Лаззат Қуанышова марапатталды
    Авторы: Қанат Жүнісов
    Режиссері:
    Дәурен Серғазин;

    «Үздік сценография» номинациясысымен Өзбекстан Республикасының мемлекеттік әскери «Тұран» театры марапатталды.
    «Тилло табассумлар» комедиясы
    Авторы: Абдуллы Кадырий
    Қойылым режиссері:
    Мелиев Сайфиддин Сайриддинович;

    «Үздік актерлық ансамбль» номинациясымен Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры марапатталды
    «Сұлтанның аты сұлтан» комедиясы
    Авторы: Саадала Ваннус
    Қойылым режиссері:
    Барзу Абдураззаков;

    «Үздік эпизодтық роль» номинациясымен Токтоболот Абдумомынов атындағы Қырғыз Мемлекеттік академиялық театры
    «Алда жаш жубайлар, ай» комедиясы, Лазаттың элеси ролі үшін –Арген Карагулов марапатталды.
    Авторы: Мухамедкалый Касенов
    Қойылым режиссері:
    Эркин Эгембердиев

    «Үздік музыкалық безендіру» номинациясымен «Шымкент қалалық әзіл- сықақ және сатира театры» марапатталды.
    «Айман-Шолпан» комедиясы
    Авторы: Мұхтар Әуезов
    Қойылым режиссері: Мақсат Айтжанұлы

    «Үздік әйел бейнесі» номинациясымен Райымбек Сейтметов атындағы  Түркістан қаласының сазды-драма  театры
    «Турандот ханшайым» комедиясындағы Турандот  рөлі үшін –Гүлзада Айтбаева марапатталды.
    Авторы: Карло Гоцци
    Қоюшы режиссері: Қуандық Қасымов.

    «Үздік режиссерлік шешім» номинациясымен Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драма театры марапатталды
    «Венециялық егіздер» комедиясы
    Авторы: Карло Гольдони
    Қоюшы режиссері: Баатырбек Шамбетов

    «Үздік ер адам бейнесі» номинациясымен Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры марапатталды «Қазақы комедия» комедиясы
    Авторы және қоюшы режиссері:
    Болат Ұзақов

    «Үздік комедиялық қойылым» номинациясымен «Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры марапатталды
    «Чарли Чаплин» трагикомедиясы
    Авторы және қоюшы режиссері:Николай Балобан

    ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

    Пікіріңізді енгізіңіз!
    мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

    - Жарнама -spot_img

    Соңғы мақалалар