More

    Гүлмира Саяққызының жанайқайы: еститін құлақ, тыңдайтын ақылды біреу болса!

    Сондай-ақ...оқыңыз

    Жеңіс Оспанов
    Жеңіс Оспанов
    Жеңіс Серібайұлы Оспанов бұрынғы Фрунзе, қазіргі Абылай-хан ауылында қарапайым отбасында 1984 жылы 9 мамыр күні дүниеге келген. Орта мектепті тәмәмдап он тоғыз жасынан бастап "Бурабай" аудандық қоғамдық-саяси газетінде тілші болып қызметін бастаған. Қазіргі таңда "Бурабай" газетінің редакторы. Әңгімелері әр басылымдарда жарық көріп келе жатыр. Ақмола облысы әкімінің "Алғыс хаты" және әр түрлі байқауларда проза жанры бойынша жүлде алған. Өзекті тақырыптарда мәселе көтеріп жазып жүр. Көбіне тарих, ауылдағы ескі әңгімелерді жинақтап басылым беттеріне жариялайды.

    Жеке почтама келген мына хатты көріп, көзім атыздай болды. Сағат сайын менің парақшама мыңдаған арыз, шағым өтініштер түседі. Гүлмира Саяққызын көптен білемін. Кісіге жуық, үлкенді аға, кішіні іні деп қазақтың байырғы салтымен өмір сүрген, ақкөйлек жан. Солтүстікке көшіп келіп жатырмын, жолыңыз түссе үйге соғып кетіңіз,-деп хабарласты. Одан кейін Алматыдамын «жүрегіме ота» жасатып жатырмын деп қайта хабарласты. Сөйтсек, етектегі ел деп барғанда бұл «есептегі ел» деп өзінің ана тілін білмейтіндер Гүлмира апайдың қан қысымын көтеріп, кері қуыпты.

    Ай айналайын солтүстіктегі әсіресе сөз зергері Ғабит атамыздың атындағы ауданның ақжағалы мырзалары мен ханымдары «ынтымақ қосып ел болып, жұрт жасаған тірлікті айт» деген атам қазақ. «Есіл өңірі» газетінің жаңаша бағытта бет алғызуға барған адамды «иттен әрі, биттен бері» қылып бүргедей талап қуып жіберіп, қайтадан ақшаны қайтар дегендеріңіз қызық болды ғой!

    «Айырылған ел азар, қосылған ел озар» демекші барлық республикалық деңгейді қойып Әлемнің назарын өздеріне аударған анау аспанкөкірек сепаратистердің не дегендерін біліп отырсыздар!? Оллә-біллә, құдайдың беті аулақ ертең теріскей жаттың қолына тисе «елсізде ит те жолдас болып» андағы астарыңыздағы тақ, бастарыңыздағы бақ ұшып кетуі мүмкін. Қазақша газет шықпақ түгілі Сіздерге билікті басқаның баласы бермек түгілі, ауласын сыпыруға алмайды. Бірақ ондай қатерлі сағаттан қазақты Құдай жар қылсын!

    Көкірегінде намыс оты бар, ана тілімізді еркін білетін оңтүстіктегі ағайынды топырлатып қастарыңызға жинап, руханиятты дамытып шын бақытты ел болуға не ұмтылмайсыздар!? Гүлмира Саяққызының жанайқайы міне…

    Еститін құлақ, тыңдайтын ақылды біреу болса!!!

    Айта кетсек, бұдан бұрын «ТЕРІСКЕЙ ДЕП БАРЫП «ТЕРІС ҚАРАП» ҚАЙТТЫҚ…» тақырыппен мақала жариялаған едік.

    ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

    Пікіріңізді енгізіңіз!
    мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

    - Жарнама -spot_img

    Соңғы мақалалар