-8.7 C
Kokshetau
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023

Филиппиндегі «Налджи» дауылының салдарынан 110 адам қаза тапты

Дүбірлі дүниеФилиппиндегі «Налджи» дауылының салдарынан 110 адам қаза тапты

Филиппиндегі «Налджи» тропикалық дауылы салдарынан 2,41 млн адам зардап шекті. Тәуекелдердің алдын алу және табиғи апаттарды жою жөніндегі ұлттық кеңестің сейсенбіде жарияланған есебіне сәйкес, 110 адам апаттың құрбаны болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қоныс аударған 865,9 мың адам 2,72 мың эвакуациялық орталыққа орналастырылды. 347,4 мыңнан астам адам үйлерін алдын ала тастап кеткен. Кем дегенде 101 адам түрлі жарақат алып, 33-і хабар-ошарсыз кетті.

Дауыл 5,03 мың үйге зақым келтіріп, 55 инфрақұрылымдық нысанға 760,3 миллион песо ($13,04 миллион) шығын әкелген. Апат салдарынан 422 жол мен 101 көпір зақымдалды. 294 қалада электр сымдары үзілген.

670 оқу орнында сабақ және 230 кәсіпорында жұмыс тоқтатылды. 160 қала мен муниципалитетте апат режимі сақтаулы. Ауыл шаруашылығына келтірілген шығын 1,3 миллиард песоға ($22,37 миллион) бағаланады. Үкімет көмек көрсетуге 50,3 млн песо ($865,8 мың) бөлді.

Фото: tass.ru

Сондай-ақ, оқыңыз...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Ұқсас мақалалар

Тегтер бойынша оқыңыз:

Көп оқылған мақалалар