Қазақ өз алдына мемлекет болғалы отыз жыл!
30 жыл бір адамның өмірі былай қарағанда 30 жылдан бері-өзінің атасының үніне, анасының тіліне дәрежесін көтере алмай, әркімнің қолжаулығына айналып отырғандығы жасырын емес. Қазақ айтады ғой «ит жоқта, шошқа үрді» деп не болмаса «етегім бе, жеңім бе,осы менің теңім бе» деп қаншама жылдан бері қазақ тілі -құлдың тірлігін кешіп жүр.
«Шыбын да аңқаудың аузын аңдиды» демекші аузымыз аңқиып жүргенде мыналар қазақтың тәуелсіздігінен айырып жатыр. Клебанов әне Екібастұзды қатырып қағанағы қарқ болып отырса, елдестірмек елшіден демекші, елдің ішіне алауыздық тудырып отырған, мына елшінің сөзі, төбемізден жай түсіргендей болды..
Кезенген жаудың көзінен сақтан,
Сойқандының сөзінен сақтан!
Қауіп қайдан болса,
Қатер содан деген.
Мына сойқанның сөзі сойылдан да әрмен болды. Елші болып елдестіріп отырған жоқ, қазақтың тәуелсіздігін мойындап отырған жоқ.
Ертеңгі күні қойымызды алдыртып, қорамызды кеш бекітіп жүрмейік ағайын!
Елшінің мына сөзінен кейін, елден аластау керек.
Өйткені «жылан иреңдеп жүреді, сүйреңдеп күледі» деген, мына жыланның басына ақ құйып керегі жоқ, уы бойынан сорғалап тұр.
Қысқасы Мәскеудің елшісі, ішкі пікірін ашық айтыпты.
Бұл жалпы қазақ халқы үшін, қауіпті пікір!
Ал қыларыңызды қылып ал!-дегендей шімірікпестен айтып отыр ә?!