Бұл жөнінде Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп 58 А мекенжайының тұрғыны редакциямызға хабарласып айтты.
«Республикалық «Аманат» партиясынан келген 1000 жылытқыш кімге жетеді? Қаншама жылдан бері Клебановтың айналасындағылар жылу құбырына бөлінетін ақшаны миллиондап жеп келген. Соның салдарынан қыстың қақаған аязында Екібастұз қаласының 152 мың тұрғыны жаурап отырмыз», – дейді тұрғын.
Тұрғынның сөзінше, жергілікті шенеуніктердің айтатыны өтірік, оларды халықтың жағдайы емес, астындағы креслосы толғандырып отырған көрінеді.
»
«Билік басындағыларға, жергілікті басшылар міне жылу жіберіп жатырмыз деп өтірікті судай ағызуда. Апат болағаннан бері пәтерімізге жылу келмек түгілі, көк мұзға айналып қатып жатыр. Не істерімізді білмей отырмыз, қатты қиналып кеттік. Жаурап тонған бізді ойлап жатқан билік жоқ, бәрі өздерінің жылы орындары мен креслоларын ойлайды. Ал шынтуайтқа келгенде суық үйде қатып отырмыз, бала-шағамыз бар, қарт адамдар бар, қысқасы жағдайымыз қиындап кетті», – деп қосты тұрғын.
Биліктегілер «болмай жатып құлдық ұрады» аттан бұрын, арбаны алға тартып пиар жасап оны халыққа таратады. Қазір XXI ғасыр ғой, ақпараттың дамыған кезі, сондықтан «Екібастұзда апат салдарын жойып жатырмыз, үйлерге жылу беріліп, тұрғындар жылумен қамтылуда» деген биліктегілердің жалған сөзіне экібастұздық тұрғындардың өкпесі қара қазандай.
Айта кетсек, «Қатып қалдық!» – Бурабайда екі кенттің тұрғындары тоңып отыр.